31.01.2014, 18:27 6108

Стамбулдағы Emitt 2014 көрмесінде Қазақстанның туристік мүмкіншілігі таныстырылды

"Көрме аясында еліміздік туристік мүмкіншілігін Астана, Алматы қалалары мен Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келген делегаттар таныстырды", - деп ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті хабарлады.

Алматы. 31 қаңтар. Kazakhstan today. Стамбулда Қазақстан өзінің туристік мүмкіншілігін көрсеткен 18 халықаралық Emitt 2014 көрмесі ашылды.

"Көрме аясында еліміздік туристік мүмкіншілігін Астана, Алматы қалалары мен Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келген делегаттар таныстырды", - деп ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті хабарлады.

Стамбулда төрт күнге жалғасатын Emitt 2014 көрмесі аясында қатысушылар Tuyap кешенінің көрме залында орналасқан қазақстандық экспозициямен таныса алады.

Отандық павильонның ашылу салтанатына Түркиядағы ҚР Жедел және уәкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев, Стамбул қаласының мэры Кадир Топбаш және еуропалық, азиялық туристік ұйымдар мен БАҚ қатысты.

Туризм индустриясы комитетінің өкілдері түркиялық TMB.TV телеарнасына берген сұхбатында Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық барысы туралы айтып өтті.

Сонымен қатар, Түркияның аспазшылар федерациясы президенті Ялчин Манавпен сала бойынша мамандар даярлауда ынтымақтастық орнату мақсатында кездесу өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны