04.06.2015, 13:48 3556

Субсидияны жеке шаруаға емес, тұтастай ғылымға бағыттау керек - Елбасы

Ауыл шаруашылығы саласындағы субсидияларды жеке шаруаға емес, тұтастай ғылымға бағыттау керек. ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеӊесініӊ 28-ші отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осындай тапсырма берді

Астана. 04 Маусым. Kazakhstan Today - Ауыл шаруашылығы саласындағы субсидияларды жеке шаруаға емес, тұтастай ғылымға бағыттау керек. ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеӊесініӊ 28-ші отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Инновация мен ғылымды дамыту керек. Білікті маман даярлау керек. Субсидияны өндірісті дамытуға емес, ғылым мен инновацияны дамытуға мол субсидия тарту керек. Саланыӊ бәсекеге қабілеттілігі - технологиялардыӊ қаншалықты тиімді және табиғи ресурстарымыздыӊ рационалды түрде дұрыс пайдаланылуына байланысты болады. Бүкіл әлем бойынша ауыл шаруашылығы саласы жоғары технологиялық саладардыӊ қатарына қосылып жатыр", - деген Елбасы агроөнеркәсіп кешені еӊ жақсы дамыған бірқатар елдердіӊ саясатын мысалға алды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Мысалы, өткен жүз жылдықтағы 80-ші жылдардыӊ соӊында Бразилия, Чили, Австарилия, Жаӊа Зелендия сияқты елдер мемлекеттік қолдауды өндірушіні жеке субсилиялаудан тұтастай ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға ауыстырған болатын. Ал, біз оған әлі кіріскен де жоқпыз. Осындай саясаттыӊ арқасында ауыл шаруашылығындағы өндімділіктіӊ өсу қарқыны екі еселенді. Біз осы тәжірибені тез арада зерттеп, нақты істерді қолға алу керек", - деді Н.Назарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны