25.12.2012, 11:56 3253

Суға шектік тариф белгілеуді бекіту 2013 жылы басталады

"Кешенді жоспардың жобасы шығынды қалыптастырып, кіріс мөлшерін есептеу нұсқаулығын түзетуді және су арналары қызметіне тариф белгілеуді көздейді", - деді ҚР ЭДСМ басшысы ҚР Үкіметінің отырысында сөйлеген сөзінде.

Астана. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today - Сумен жабдықтау және су бұру нысандарын жаңғырту, аталған салаға инвестиция көлемін ұлғайту мақсатында ҚР 2013-2015 жылдарға арналған тариф белгілеудің жаңа тетіктерін енгізу жөніндегі кешенді жоспардың жобасы әзірленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

"Кешенді жоспардың жобасы шығынды қалыптастырып, кіріс мөлшерін есептеу нұсқаулығын түзетуді және су арналары қызметіне тариф белгілеуді көздейді", - деді ҚР ЭДСМ басшысы ҚР Үкіметінің отырысында сөйлеген сөзінде.

Атап өту керек, тариф белгілеудің жаңа тетіктерін қолдана отырып шектік тарифтерді бекіту 2013 жылы басталады.

Бұдан басқа, ҚжТККА, ТМРА және әкімдіктер су арналарының негізгі құралдарын қайта бағалауды жүргізіп, су арналарының қызметіне шектік тарифтің тапсырысын бекітулері қажет.

"Кешенді жоспар Министрлік ТМРА және ҚжТККА-мен бірлесіп су арналары қызметіне тариф қалыптастырудың жаңа тәсілдерін ойластыруды жалғастырып, оның нәтижелерін 2013 жылғы мамыр айында Үкіметке таныстыруын қарастырады", - деп жалғады сөзін министр.

Жоспарды жүзеге асыру су арналарына инвестиция көлемін ұлғайтуға, желілерді жөндеп, жаңғыртуға, негізгі құралдардың тозуын азайтуға, сондай-ақ тарифтердің тұрақтылылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, су арналары тарифі бойынша кіріс 10%-нан 30%-ке дейін ұлғайып, су арнасының әкімшілік және өндірістік қызметкерлерінің еңбек ақысы өседі.

"Бұл су арналарының білікті кадрларын сақтап қалуға, жаңа мамандар тартуға, жалпы алғанда менеджментті жақсартауға және тиісінше, көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруға жағдай жасайды", - деп қорытындылады сөзін Е.Досаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны