25.12.2012, 14:19 3093

Суға шектік тарифтер 15%-тен 30% дейін кезең-кезеңмен арттырылады

"Ир өңірде әртүрлі болады. Менің ойынша бұл 15%-тен 30% дейінгі көлемде болады. Кешенді жоспарда су арналарына тариф белгілеудің жаңа тетіктерін пайдаланып 2013-2015 жылдары шектік тарифке көшуінің кестесін әзірлеу қарастырылғандықтан, баға барлық су арналарында бірдей бір сәтте көтерілмейді", - деді Мұрат Оспанов ҚР Үкіметінің отырысында.

Астана. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today - Кешенді жоспар шеңберінде суға қойылатын шектік тарифтер 15%-тен 30% дейін арттырылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (ТМРА) төрағасы Мұрат Оспанов мәлім етті.

"Ир өңірде әртүрлі болады. Менің ойынша бұл 15%-тен 30% дейінгі көлемде болады. Кешенді жоспарда су арналарына тариф белгілеудің жаңа тетіктерін пайдаланып 2013-2015 жылдары шектік тарифке көшуінің кестесін әзірлеу қарастырылғандықтан, баға барлық су арналарында бірдей бір сәтте көтерілмейді", - деді Мұрат Оспанов ҚР Үкіметінің отырысында.

Ведомство басшысы атап айтқандай, таяудағы үш жыл ішінде шектік тарифке тек 26 қалалық су арнасын ғана көшіру жоспарланып отыр.

Бұл жерде суды тұтынушылар тобы бойынша сараланған тарифті қолдану, сондай-ақ оны тұтыну көлеміне және есептеу құралдарының бар-жоғына қарай тариф деңгейлері арасындағы алшақтықты қарастыру жалғастырылады. Сараланған тарифтерді қолдану суды есептеу құралы бойынша үнемді пайдаланатын тұтынушылар үшін ақы төлеуді күрт көтеріп жіберуге мүмкіндік бермейді.

"Оның үстіне, тарифтерді саралау және су тұтыну көлемін азайту "жасыл" экономикаға көшу шараларының бірі болып табылады. Мысалы, Алматы қаласында сараланған тарифті енгізу арқасында су жинау 65 млн текше метрге төмендеді (2008 жылғы 304-тен 2010 жылы 239 млн текше метрге дейін), бұл Кіші Алматы өзенінің жылдық су ағысына тең", - деп атап айтты ТМРА төрағасы.

Атап өту керек, ТМРА сумен жабдықтау кәсіпорындарының әкімшілік және өндірістік қызметкерлерінің жалақы деңгейін тиісті өңірдің статистикалық мәліметтері жөніндегі жалақы деңгейіне дейін жеткізуді ұсынады. Бұл қазіргі кадр әлеуетін сақтап, кәсіпорындардағы тиімсіз менеджмент мәселесін шешуге мүмкіндік береді, сондай-ақ су арналары үшін кадр даярлауды ынталандырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны