29.06.2016, 15:48 4911

Т. Дүйсенова халық алдында ҚР ДСИДМ жұмысы бойынша есеп берді

Бүгін Қазмедиа орталығында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованыӊ тұрғындармен кездесуі өтті. Шара барысында ҚР ДСИДМ басшысы азаматтарға министрліктіӊ медициналық көмектіӊ сапасы мен қолжетімділігі, қазақстандықтардыӊ әлеуметтік ахуалын жақсарту мен жұмыспен қамтамасыз ету бойынша атқарып отырған жұмысы туралы мәлімдеді

Астана. 29 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Қазмедиа орталығында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенованыӊ тұрғындармен кездесуі өтті. Шара барысында ҚР ДСИДМ басшысы азаматтарға министрліктіӊ медициналық көмектіӊ сапасы мен қолжетімділігі, қазақстандықтардыӊ әлеуметтік ахуалын жақсарту мен жұмыспен қамтамасыз ету бойынша атқарып отырған жұмысы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шараға ҚР Президенті Икімшілігініӊ, ҚР Премьер-министрі кеӊсесініӊ өкілдері, Парламент Сенаты мен Мәжілісініӊ депутаттары, ішкі істер, қаржы, әділет, энергетика, қорғаныс, білім және ғылым, ауылшаруашылық, ақпарат және коммуникациялар, мемлекеттік қызмет жөніндегі министрліктерініӊ өкілдері қатысты. Сонымен қатар, Тамара Дүйсенованыӊ халық алдындағы есептік кездесуіне ҚР ДСИДМ Қоғамдық кеӊесініӊ мүшелері, "Самұрық Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры, "Атамекен" ҰКП, Ұлттық денсаулық сақтау саласы палатасы, кәсіби бірлестіктер, Медициналық қызметкерлер кәсіподағы, ҮЕҰ, ведомствоға қарасты ұйымдардыӊ өкілдері және ҚР ДСИДМ ардагерлері келді. Видеоконференция режимінде денсаулық сақтау, әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармаларыныӊ, ҚР ДСИДМ комитеттерініӊ аймақтық департаменттерініӊ өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, ҮЕҰ өкілдері және т.б. қатысты.

Сөз басында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова Елбасы айқындаған Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі "100 нақты қадамды" жүзеге асыру шараларыныӊ аясында Қазақстанда мемлекет, жұмыс беруші және азаматтардыӊ ортақ жауапкершілігі негізінде денсаулық сақтау жүйесініӊ жаӊа үлгісі енгізіледі.

Биылғы жылы ҚР ДСИДМ ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын жасады. Оны Елбасы ағымдағы жылғы 15 қаӊтарда бекітті. Бұл құжат алдыӊғы бағдарламалардыӊ логикалық жалғасы әрі денсаулық сақтау саласындағы түбегейлі өзгерістердіӊ әрі қарай толықтырылуы болып табылады.

Жаӊа Мемлекеттік бағдарламаныӊ маӊызды бағыттарыныӊ бірі - аурулардыӊ алдын алу мен оны ескерту болып табылады. Сондықтан ЭЫДҰ елдері тәжірибесініӊ, Дүниежүзілік Банк және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларыныӊ ұсынымдары негізінде Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен тамақтануды оӊтайландыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруды біріктіру негізінде Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылатын болады. Оныӊ негізгі қызметі - жұқпалы және негізгі жұқпалы емес ауруларды бақылау және эпидемиологиялық қадағалау; профилактикалық шараларды өткізу; халықтыӊ хабардарлығын арттыру және т.б.

Балалар арасындағы аурулардыӊ алдын алу мақсатында мектептегі медицина білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне берілетін болады. Тиісті Заӊ жобасы әзірленді. Жыл басынан бастап пилоттық тәртіпте жүзеге асырылып келе жатқан сауықтыру шараларыныӊ күнтізбесі балаларды жыл бойы сауықтыруды қарастырады: балаларды профилактикалық тексеру мамандар бригадасын шығару арқылы білім беру ордаларында жүзеге асырылатын болады; оқу кезеӊі мен демалыс уақытында сауықтыру шараларын ұйымдастыру; мектептерде мүсін мен көрудіӊ бұзылуын алдын алу шаралары, қосымша дәрумендеу, физиотерапиялық процедуралар, "функционалдық" тамақтану азық-түліктерін қолдану (қышқыл сүт өнімдері), фитопрепараттар мен оттегі коктейлін қолдану және т.б. сияқты денсаулық сақтау технологияларын енгізу.

Қаӊтар-наурыз айларыныӊ аралығында профилактикалық тексерумен 2,6 млн. оқушы немесе оқушылардыӊ жалпы саныныӊ 97,9%-ы қамтылды. Аурудыӊ алғаш рет анықталуына байланысты диспансерлік есепке 305,8 мыӊ (11,4%) оқушы тіркелді.

"Бала-аман" бағдарламасы әзірленді. Бұл бастауыш сынып оқушылары арасында шаршағандықты төмендету үшін әртүрлі жаттығуларды көрсетуді; нақты мысалдар арқылы дұрыс мүсін қалыптастыруға; дұрыс тамақтану дағдыларына; балаларды медициналық алғашқы көмек көрсетуге үйретуді қарастыратын веб-ресурс болып табылады.

Бұл бағдарлама пилоттық тәртіпте 2016 жылғы қыркүйек айынан бастап желтоқсан айына дейін Астана және Алматы қалаларыныӊ мектептерінде, ал 2017 жылдыӊ 1 қантарынан еліміздіӊ барлық мектептерінде іске асырылады.

Ауруларды ерте кезеӊде анықтауға ерекше көӊіл бөлінетін болады. ДДСҰ сарапшыларымен бірге Ұлттық скринингтік бағдарламаныӊ тиімділігі анықталды. Нәтижесінде жас бойынша мақсатты топтыӊ құрамы мен скринингті өткізу жиілігін қайта қарау қажеттілігі туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, ауруды ерте кезеӊде анықтау мәселелері бойынша медқызметкерлерді оқыту ұйымдастырылып, скринингтік тексеруден өткен азаматтарды бақылау мен есепке алудыӊ ақпараттық жүйесі құрылады.

Сонымен бірге, ересек тұрғындарды профилактикалық тексеру тәртіптері жеӊілдетілмек. Азаматтар міндетті профилактикалық тексеруден өту кезінде (жұмысқа тұру немесе оқуға барар кезде және т.б.) мерзімі өтпеген жағдайда, денсаулығы жайында медициналық анықтаманы халыққа қызмет көрсету орталықтарында ала алады. Ал бағдарлы мамандарға қаралу қажеттілігі туындаған жағдайда олар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясыныӊ бөлімінде емхана мен қызмет көрсету уақытын таӊдай алады.

Сонымен бірге, диспансерлік есепте тұрған ауруларға жеӊілдігі бар дәрілік заттарды беру процедураларын оӊайландыру қарастырылуда. Дәрігерлер жеӊілдігі бар дәрілер рецептін созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұратын пациенттер үшін тоқсанына бір рет, қымбат дәрілер алатын ауыр түрдегі сырқаттанғандар үшін ай сайын жазып беретін болады. Дәріханалар пациенттерге берілген рецептер негізінде сәйкес дәрілік заттарды беріп, олардыӊ есебін жүргізеді. Ресцептерді келісімдерден өткізу автоматты тәртіпте "ИСЛО" ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылатын болады. Оны апробациялау ағымдағы жылғы шілдеден бастап Астанада жүргізілмек.

Министр "Денсаулық" Мембағдарламасыныӊ басты бағыттарыныӊ бірі - алғашқы медициналық-санитариялық көмек деӊгейінде Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу болып табылатынын (әрі қарай - АББ) айтты.

Қазақстанда АББ 2013 жылдан бастап пилоттық тәртіпте Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарыныӊ 7 емханасында үш нозология бойынша енгізілуде: артериалдық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі және қант диабеті. Бағдарламаға қатысушылар саны 1,2 мыӊнан астам адамды құрады.

Пилоттық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде пациенттердіӊ 75%-ында артериалдық гипертензия деӊгейініӊ көрсеткіші тұрақталып, артериалдық қысымды бақылау және гипотензивті препараттарды тұрақты тұрде қабылдау машықтарыныӊ қалыптасуы байқалды. Созылмалы жүрек кемістігі бар пациенттерді ауруханаға жатқызу жағдайы 2 есеге азайды.

Пилоттық аймақтардағы АББ-ны енгізудіӊ тиімді тәжірибесін ескере отырып, АББ-ны жүзеге асыру биылғы жылы Астана, Алматы қалаларыныӊ, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарыныӊ емханаларында жүзеге асырылатын болады. 2018 жылдан бастап АББ еліміздіӊ барлық өӊірлерінде енгізілетін болады.

Тамара Дүйсенова ҚР ДСИДМ негізгі әлеуметтік мәні бар, жұқпалы емес аурулар мен елдіӊ демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар 5 ауру: миокардтыӊ жіті инфаркті, мидағы қан айналымыныӊ ауыр ауытқулары (инсульт), қатерлі ісік аурулары, сынықтар, жүктілік және босандыру бойынша медициналық көмек көрсетудіӊ біріктірілген үлгісін енгізу бойынша Жол картасын жасағанын хабарлады..

Аталған бағыттардыӊ әрқайсысы бойынша қызметтіӊ барлық түрлері көрсетілетін болады: профилактика, емдеу шаралары, оныӊ ішінде оӊалту, диспансерлік бақылау, медициналық және әлеуметтік қызметтер. Сонымен қатар, күрделі технологиялық құрылымдар мен жоғары білікті мамандарды талап ететін қызметтер ауданаралық, аймақтық және республикалық деӊгейде орталықтандырылатын болады. Күрделі технологиялық құрылымдарды талап етпейтін қызметтер тұрғылықты мекен-жай бойынша медициналық ұйымда көрсетілетін болады.

Жол картасын жүзеге асыру шараларыныӊ аясында 5 үйлестіру кеӊесі құрылып, оларға жауапты республикалық денсаулық сақтау ұйымдары анықталды. Медициналық көмектіӊ сапасын арттыру бойынша нақты шаралар дайындалды: медициналық көмек көрсету медициналық қызметкерлері барлық деӊгейініӊ біліктілігін арттыру бойынша курстар ұйымдастырылды; емдеу стандарттарын қайта қарау бойынша, емханалық хаттамалар мен процестердіӊ алгоритмін жетілдіру жөнінде, пациенттердіӊ қозғалыс маршруты бойынша жұмыс басталды және т.б.

Жедел медициналық көмек көрсетудіӊ екі сатылы біріктірілген үлгісін құру жоспарланып отыр. Бірінші жергілікті деӊгейде жедел көмек пен санавиацияныӊ бірыӊғай қызметі құрылады. Оған облыстыӊ санавиациясы, ауданныӊ, қала мен ауылдық жерлердегі жедел көмек стансалары кіреді. Екінші - республикалық деӊгейде қызмет құрамына санавиация, автоматтандырылған GPS жүйесі мен телемедицинасы бар жедел көмек қызметініӊ бірыӊғай диспетчерлік қызметі кірмек.

Отандық медициналық ЖОО-дағы кадрларды дайындау сапасын арттыру мақсатында әлемдегі 500 үздік университеттер қатарына кіретін стратегиялық әріптестерді шақыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Олар: АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Оӊтүстік Корея, Финляндия және т.б. елдердегі медициналық мектептер. Сондай-ақ, ағымдағы жылғы қыркүйек айынан бастап 6 медициналық колледжде мейірбикелерді дайындаудыӊ финдік үлгісі енгізілетін болады.

Денсаулық сақтау саласыныӊ инфрақұрылымын әрі қарай дамыту бойынша жобалау тобы құрылып, инфрақұрылым мен МЖМИ-ні дамытудыӊ 2016-2018 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып аймақтардыӊ медициналық картасы жасалуда. Картада азаматтардыӊ тұрғылықты жеріне қарамастан, оларға медициналық қызметтердіӊ қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қажет болатын денсаулық сақтау ұйымдары нысандарыныӊ саны анықталатын болады. Тізімделген нысандарға құрылыс, қайта құру, жеке секторды тарту мен жекелеген нысандарды МЖМИ тетіктерін қолдана отырып, сенімді басқару ісі кіреді.

Қазіргі таӊда қолданыстағы барлық медициналық техника мүліктері түгенделіп, оныӊ тозу деӊгейі анықталды. Медициналық техниканы сатып алуды өзгерту бойынша ұсыныстар дайындалды: медициналық ұйымдар құны 5 млн-ға дейінгі медициналық техниканы өздігінен сатып ала алады, 5-100 млн. теӊге көлеміндегі техниканы лизинг арқылы, ал құны 100 млн.теӊгеден астам бұйымдарды республикалық және жергілікті бюджет есебінен сатып ала алады.

ҚР ДСИДМ дәрілік қамсыздандыруды жетілдіру мақсатында сапаныӊ халықаралық стандарттарына сай дәрілік заттарды тіркеуді жеӊілдету бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобаларын дайындады. Шетелдіӊ сарапшылармен бірлесе отырып Ұлттық дәрілік формуляр әзірленіп, енгізілді. Оған республикада тіркеліп, барлық клиникалық тиімділігі дәлелденген және әрбір дәрініӊ шектік бағасы көрсетілген дәрілік заттар кіреді. Кепілдік берілген тегін медициналық көмек аясында сатып алынатын дәрілік заттардыӊ тізімі жаӊартылып, референттік баға құруды енгізудіӊ бірінші кезеӊі қамтылды. Тиісті фармацевтикалық практика стандарттарына (GXP) өту бойынша жұмыс атқарылуда.

Мемлекет басшысыныӊ тапсырмаларын орындау мақсатында және денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудыӊ тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мемлекет, жұмыс беруші және қызметкерлердіӊ ортақ жауапкершілігін қамтамасыз ететін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу (әрі қарай - МИМС) бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. МИМС енгізілгеннен кейін Қазақстанда әлеуметтік тұрғыдан осал тұрғындар қатарына кіретін (азаматтардыӊ 12 санаты) 9,8 млн-нан астам адам медициналық көмекті мемлекет енгізетін жарна есебінен алатын болады.

Илеуметтік-еӊбек саласыныӊ мәселелеріне тоқтала келе, Тамара Дүйсенова халықты жұмыспен қамту мақсатында ҚР ДСИДМ "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" (әрі қарай - "ЖҚЖК 2020") бағдарламасын жүзеге асырып келе жатқанын еске салды. 2015 жылы бағдарламаныӊ барлық бағыттары бойынша 167 мыӊ адам, оныӊ ішінде ашық бос орындарына азаматтар жұмысқа орналастырылды. Олардыӊ 85%-ы тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды (142 мыӊ адам). Сонымен қатар, 6 мыӊнан астам адам өз бизнесін ашу мен ұлғайту мақсатында микрокредит алды, олар 6,1 мыӊ қосымша жұмыс орындарын ашты. 14 мыӊ адам тегін кәсіби оқытуға жіберілді, 24,5 мыӊ адам мемлекет субсидиялаған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, 1,2 мыӊ адам жаӊа мекен-жайға көшірілді. Оларға тұрғын үй беріліп, жұмыспен қамту шаралары көрсетілді.

Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасын орындау мақсатында аталған бағдарлама жаӊғыртылған болатын. Онда жұмыс орындарын сақтауға негізделген жаӊа құралдарды қарастырылды. Бұл - білікті мамандардыӊ жоғалған еӊбекақысыныӊ бір бөлігін субсидиялау, жұмыс берушілерге өз қызметкерлерін оқытуға арналған гранттарды беру (қайта даярлау мен бліктілікті арттыру), жұмыс орындарын міндетті түрде сақтау шартымен жұмыс істейтін жастарды кәсіби оқытуды ұйымдастыру. 2016 жылы "ЖҚЖК 2020" бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген 100,8 млрд.теӊгеніӊ 63 млрд. теӊге көлеміндегі бөлігі жаӊа бастамаларды жүзеге асыруға бағытталатын болады.

Министр ағымдағы экономикалық жағдайға қарамастан, Үкіметтіӊ халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді уақытылы әрі толыққанды орындап отырғанын атап айтты.

2016 жылы ынтымақты зейнетақы 9%-ға ұлғайтылды, барлық жәрдемақылар - 7%-ға, мүгедектік және асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағы 25%-ға артты.

Мемлекет басшысыныӊ әлеуметтік қолдау бойынша берген бірқатар тапсырмалары азаматтардыӊ әлеуметтік ахуалын жақсарту мақсатындағы шаралардыӊ жалғасы болып табылады. Ұлт жоспары "100 нақты қадам" шараларын іске асыру аясында 2018 жылдыӊ 1-қаӊтарынан бастап қазіргі таӊда аз қамтылған азаматтарға төленетін әлеуметтік көмектіӊ үш түрі атаулы әлеуметтік көмек түріне (әрі қарай - АИК) жаӊа үлгіде өзгертіледі. Ол отбасыныӊ жұмысқа жарамды мүшелерініӊ жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді түрде қатысқан жағдайда ғана беріледі

Сондықтан 2014 жылы 3 аймақта пилоттық режимде, 2015 жылдыӊ екінші жартыжылдығынан бастап республиканыӊ барлық облыстарында (38 аудан мен қала) басталған "Өрлеу" жобасыныӊ аясында жаӊа әдістерді жүзеге асыру сатылай жүргізіліп келеді.

"Өрлеу" жобасы қатысушыларыныӊ жан басына шаққандағы орташа кірісі 2 еседен астам ұлғайды; АИК алушалыр саны 31,8%-ға, балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы 2,1%-ға азайды; жобаныӊ жұмысқа жарамды мүшелерініӊ 90%-ы жұмыспен қамту шараларына қатыстырылды.

Мүгедектердіӊ құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары сатылай жүзеге асырылып келеді. Илеуметтік және транспорттық инфрақұрылым нысандарын паспорттау мен бейімдеу арқылы мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру бойынша; мүгедектерді оӊалтудыӊ техникалық қосалқы (компенсаторлы) құралдарымен қамтамасыз ету, кохлеарлы имплантация отасынан кейінгі есту қабілетін оӊалту, кохлеарлы импланттардыӊ сөйлеу процессорлары ауыстырылып, күйге келтіру шаралары жүйелі түрде атқарылып келеді.

Жұмыспен қамту орталықтарыныӊ мәліметінше, жыл сайын орталыққа жүгінетін мүгедектердіӊ 75%-ы жұмысқа орналастырылады.

Қиын өмір жағдайына тап болған адамға стационар, күндізгі орталық, үй күтімі, уақытша орналасу жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Бүгінде әлеуметтік қызметтер мүгедектерді, жасы ұлғайған адамдарды, адам саудасыныӊ құрбандары, сотталған адамдар, пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды қамтиды. Өткен жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында арнаулы әлеуметтік қызметтердіӊ біріктірілген үлгісін енгізу бойынша пилоттық жоба басталды. Жыл соӊына дейін мүдделері бір қызметтердіӊ өзара қарым-қатынас тетіктерін құру бойынша Жол картасы жасалып, білім жүйесі, денсаулық сақтау саласы, әлеуметтік қорғау мен пробация қызметі мамандарын оқыту ұйымдастырылатын болады.

Баяндамадан соӊ Тамара Дүйсенова азаматтардыӊ бірқатар сұрақтарына жауап берді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны