23.04.2025, 18:40 59336

Түркияда жер сілкінісінен кейін қазақстандықтардан өтініштер түскен жоқ - СІМ

Түркияда жер сілкінісінен кейін қазақстандықтардан өтініштер түскен жоқ - СІМ
Түркияда жер сілкінісінен кейін қазақстандықтардан өтініштер түскен жоқ, деп хабарлайды ҚР СІІ баспасөз қызметінен.

Түркия билігінің ақпараты бойынша 2025 жылғы 23 сәуірде Ыстанбұл маңында магнитудасы 6,2 балл жер сілкінісі орын алып, артынан афтершоктар жалғасуда.

Қазіргі уақытта Түркия аумағындағы Қазақстан азаматтарынан Ыстанбұл қаласындағы ҚР Бас консулдығына өтініштер түскен жоқ. ҚР Сыртқы істер министрлігі Түркия билігімен және Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен бірлесіп ахуалдың дамуын қадағалауда.

Ыстанбұл қаласындағы ҚР Бас консулдығының консулдық есебінде 1137 Қазақстан азаматы тіркелген.

Отандастарымызды сабырлық және қауіпсіздік шараларын сақтауға, сондай-ақ жергілікті билік органдарының нұсқауларын мүлтіксіз орындауға шақырамыз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны