14.09.2009, 12:15 1585

Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансер ғимаратындағы өрт қауіпсіздігіне қатысты кемшіліктерді жоюға нұсқау берілген - ТЖМ

Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансер ғимаратындағы өрт қауіпсіздігіне қатысты кемшіліктерді жоюға нұсқау берілген - ТЖМ

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансер ғимаратындағы өрт қауіпсіздігіне қатысты кемшіліктерді жоюға былтырғы жылы нұсқау берілген. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз былтыр тексеру жүргізіп, осы ғимаратқа өрт қауіпсіздігіне қатысты кемшіліктерді жоюға нұсқау берілген. Онда айтарлықтай кемшіліктер болған", - деді В. Божко.

Оның айтуынша, өртке қарсы жабдықтардың, соның ішінде өрт дабылының жоқтығы секілді кемшіліктер болған. "Біз 2008 жылдың мамыр - сәуір айларында тексеруді бастап, бүкіл кезең бойы бақылауды жалғастырдық. Ғимараттардың бір бөлігі біздің нұсқауымызға сәйкес өртке қарсы техникамен жабдықталған, алайда бір өкініштісі - бұл ғимаратта күрделі жөндеудің жүргізілуіне байланысты әкімшілік өрт дабылын дер кезінде монтаждамаған, оның арты осындай қайғылы оқиғаға алып келді", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны