14.04.2017, 20:25 5743

Талдықорғанда өткен актив жиынында Елбасы мақаласы талқыланып, жаӊа міндеттер жүктелді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Егемен Қазақстан" газетінде жарық көрген "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласына орай бүгін Талдықорғанда Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталовтыӊ төрағалығымен актив жиыны өтті, деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Талдықорған. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Егемен Қазақстан" газетінде жарық көрген "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласына орай бүгін Талдықорғанда Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталовтыӊ төрағалығымен актив жиыны өтті, деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жиынды ашқан облыс басшысы А. Баталов Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласы соӊғы күндерде ел өміріндегі қоғамдық-саяси маӊызы зор оқиғаныӊ бірі болғанын атап өтті. Онда Елбасы экономикалық және саяси жетістіктерімізді дамытудыӊ рухани бағдарламасын ұсынып отырғанына тоқталды.

- Бұл бағдарлама ұлтымыз үшін маӊызы тереӊ, ауқымы зор, өнегесі мол, халқымызға рухани азық болатын айтулы дүние. Бұл мақалада өткен тарихи кезеӊдерге сындарлы баға беріліп, ой елегінен өткізіліп, рухани даму бағытымыз айқындалған. Ел Президенті қоғамныӊ рухани жаӊғыруына халықтыӊ дәстүрі мен ұлттық мәдениеті негіз болуы тиіс екенін айтты. Мұндай бағытты ұстану кешегі күн мен бүгінді, бүгін мен ертеӊді жалғастырады. Сондықтан біздіӊ міндетіміз Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасын орындай отырып, мақалада көрсетілген жобаларға басты назар аудару, - деп атап өтті А. Баталов.

Жиында облыс әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омар баяндама жасады. Баяндамашыныӊ айтуынша, облыс басқармалары өз жоспарларына бағдарламалық мақаланыӊ міндет-мақсаттарын негізге ала отырып, толықтырулар жасайтын болады. Мәселен, облыстық ішкі саясат және жастар саясаты, мәдениет, тілдерді дамыту және дін істері жөніндегі басқармаларға сәуір айыныӊ аяғына дейін бағдарламалық мақалада айтылған тіректерді қамтитын ұсыныстар енгізіп, іс-шаралар жоспарын әзірлеу тапсырылды. Бұл жұмысқа облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары да белсене қатысуы тиіс.

- Қазір біз алға қойылған міндеттерді негізге ала отырып, жедел түрде сараптамалық жұмыс жүргізуіміз қажет және Алматы облысыныӊ рухани дамуыныӊ, мәдениеті мен тарихыныӊ, туризмініӊ ауқымды мүмкіндіктерін ашып көрсете білуіміз керек. Екі аптаныӊ ішінде бағдарламалық құжатты жүзеге асырудыӊ өӊірлік жоспарын облыс басшысыныӊ қарауына ұсына аламыз деп ойлаймын,- деді Ж. Омар. Бұл орайда облыс әкімі А. Баталовтан осы міндеттердіӊ орындалуына ықпал ететін құрамына зиялы қауым, ғалымдар, жастар, этномәдени орталықтар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері енгізілетін жұмыс тобын құруға қолдау көрсетуді сұрады.

Жарыссөзге философия ғылымдарыныӊ докторы, профессор, "Мәӊгілік ел" ғылыми-білім беру орталығыныӊ жетекші ғылыми қызметкері Аманжол Қасабек, "Алматы облыстық славян қозғалысы" қоғамдық бірлестігініӊ мүшесі Наталья Белик, облыстық "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттерініӊ бас редакторлары Иміре Ирін мен Атсалим Идигов, Өӊірлік коммуникациялар қызметініӊ журналист-модераторы Галина Митковских шығып, өз ой-пікірлерін білдірді.

Жиын соӊында облыс әкімі А. Баталов:

- Қоғамдық сананы жаӊғыру жөніндегі Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ идеясы - еліміздегі конститутциялық, экономикалық реформалардыӊ заӊды жалғасы. Мақалада жаӊа заман көшіне ілесіп, өркениетті ел болу үшін ұлттық сананы сақтау мен өрістетудіӊ нақты жолдары ұсынылған. Осы бағдарламалық құжатқа сәйкес Жетісу өӊірінде бірлік пен татулықты, рухани келісімді, экономикалық даму үрдістерін сақтау мақсатында атқарылатын нақты жұмыстар 1 мамырға дейін айқындалуы тиіс, - деп, тиісті құрылымдарға нақты міндеттер жүктеді.

Мұнан кейін облыс басшысы әрбір аудан, қалалардағы тарихи, мәдени ескерткіштердіӊ тізімін жаӊартуды, жастарды елжандылыққа тәрбиелеу ісін күшейтуді, халықтыӊ рухани және моральдық құндылықтарын нығайту бағытындағы жұмыстарды ширатуды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны