24.11.2023, 18:13 69711

Тамара Дүйсенова республикалық "Worldskills Kazakhstan 2023" жарысына қатысушылармен кездесті

Тамара Дүйсенова республикалық "Worldskills Kazakhstan 2023" жарысына қатысушылармен кездесті
Сурет: primeminister.kz
Астанада республикалық "Worldskills Kazakhstan 2023" кәсіби шеберлігінің VIIІ чемпионаты өтіп жатыр. Оған 545 колледж студенті мен 520 сарапшы қатысуда. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова кәсіби мамандықтары бойынша бақ сынап жатқан жастармен кездесті, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрлігінің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, сайысқа қатысып жатқан жастар - еліміздің әр аймағынан үздік шыққан студенттер. Вице-премьерге "кірпіш қалау", "шаштараз", "мейрамхана сервисі" секілді бағыттар бойынша жарыс өтіп жатқан алаңдар көрсетілді.

Қазірде елімізде жұмысшы мамандықтарға деген сұраныс жоғары. Сондықтан да техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының маңызы артып келеді.

Қазір елімізде "Баршаға қолжетімді сапалы білім" атты ұлттық баяндама жобасы талқыланып жатыр. Онда колледжде берілетін білім мен біліктілікке көп көңіл бөлінген. Цифрлық технологиялар қанша дамып жатса да, дәнекерлеуші, сантехник, тұрмыстық техниканы жөндеушілер, көлік механиктері және т.б. сияқты кәсіби мамандарға сұраныс азаймақ емес. Бұл чемпионаттың жастар арасында осы мамандықтарды дәріптеуде маңызы зор. Жарыста сіздерге сәттілік тілеймін!", - деді Тамара Дүйсенова.


Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырып жатқан жарыс "EХРО" халықаралық көрме орталығында өтіп жатыр. Чемпионатта автокөлік жөндеу, сантехник, жылу желілері, электроника, мобильді робототехника сынды 30 түрлі біліктілік бойынша үздіктер анықталады.

Жарыс жеңімпаздары ертең анықталып, топ жарғандар марапатталатын болады. Оза шапқан студенттер келер жылы Францияда өтетін әлемдік сайыста ел намысын қорғамақ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны