07.12.2009, 14:54 2997

Таразда адамды кепілге алған бір күдікті ұсталды

Таразда адамды кепілге алған бір күдікті ұсталды

Астана. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Таразда адамды кепілге алып, оны босату үшін 300 мың АҚШ долларын талап еткен бір күдікті ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"25 қарашада полицияға Тараз қаласының тұрғыны мейрамханалардың бірінде директор болып жұмыс істейтін күйеуінің жұмыстан соң жоғалып кеткені туралы хабарлады",- деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, 4 күннен соң қылмыскерлер оны босату үшін 300 мың АҚШ долларын талап еткен.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қаланың шетінде күдіктілердің бірі ұсталды, ол ұрланған адамды күзетуді жүзеге асырған. Полиция қызметкерлері кепілге алынған адамды босатты. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысушыларды ұстау үшін шаралар қабылдануда",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны