22.01.2010, 15:57 2984

Тәртіп сақшылары 18 қаңтарда Қостанай аудандық орталық ауруханасының жанына баласын тастап кеткен ата-ананы іздеп тапты

Тәртіп сақшылары 18 қаңтарда Қостанай аудандық орталық ауруханасының жанына баласын тастап кеткен ата-ананы іздеп тапты

Қостанай. 22 қаңтар. Kazakhstan Today - Тәртіп сақшылары 18 қаңтарда Қостанай аудандық орталық ауруханасының жанына баласын тастап кеткен ата-ананы іздеп тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД хабарына сәйкес, облыстық полиция Қостанай аудандық орталық ауруханасының жанына баласын тастап кеткен ата-ананы іздеп тапты.

ІІД мәліметінше, баланың әке-шешесінің екеуі де 30 жаста, олар некеге тұрмаған. Отбасында бір жасар ұл бала бар. Еркек өзінің әрекетін екінші баланы асырайтын шамамыз жоқ деген сылтаумен бүркемелеген. Ол уақытша жалақыға ғана күн кешеді. Оның үстіне жұп жігіттің ата-анасымен бірге тұрады, ал олар екінші баланың дүниеге келуіне қарсы болған.

Қазір кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар қыз баланы "Дельфин" балалар үйіне беру үшін құжаттарын рәсімдеуде. Баланың анасы нотариуспен бекіте отырып, баласынан бас тартатыны туралы жазбаша хат берді. Полицияның анықтағанындай, қыз 15 қаңтарда туған. Оған ата-анасы ат қоюдан да, оған өз аты-жөндерін беруден де бас тартқан. Олар оны перзентханадан шыға сала бірден ауруханаға апарып тастаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны