18.02.2021, 19:55 13644

Тілеуберді Өзбекстанның Сыртқы істер министрімен келіссөздер жүргізді

Сұхбаттастар екіжақты қарым-қатынастарды және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Нұр-Сұлтан. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапармен келген Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Сұхбаттастар екіжақты қарым-қатынастарды және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, қазақ-өзбек стратегиялық серіктестікті тереңдетудегі өзара ықыласын растады. Олар аса жоғарғы және жоғары деңгейдегі байланыстардың одан әрі кеңейту маңыздылығын атап өтті.
 
Сондай-ақ, тараптар кездесуде 2021 жылдың бірінші жартысында жоспарланған екіжақты іс-шаралар кестесін қарастырды.
 
Бұған дейін Өзбекстан Сыртқы істер министрін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны