03.11.2023, 13:53 137491

ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы туралы

ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы туралы
Сурет: gov.kz
Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) 10-мерейтойлық Саммиті қарсаңында Астанада ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті, еп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Іс-шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Мажарстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Түркияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары, сондай-ақ ТМҰ, ТүркПА және ТҮРКСОЙ Бас хатшылары, Түркі академиясының, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының, Түркі инвестициялық қорының президенттері және ТМҰ Ақсақалдар кеңесінің төрағасы қатысты.

Отырысқа қатысушылар ТМҰ мемлекеттері басшыларының алдағы Саммитіне дайындық мәселелерін талқылады, сондай-ақ осы іс-шара барысында қол қоюға жоспарланған құжаттардың жобаларын бекітті.

Түркі мемлекеттерінің ұйымы Қазақстанның бастамасымен 2009 жылы Нахчыван қаласында (Әзербайжан) құрылды. ТМҰ хатшылығы Ыстанбұл қаласында (Түркия) орналасқан. Қазіргі уақытта ұйымға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Мажарстан мен Түрікменстан бақылаушы мәртебесіне ие.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны