03.06.2019, 21:37 7369

ТМД-ға қатысушы-мемлекеттер Ішкі істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы Ташкентте өтті

Делегация басшыларын Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.М. Мирзиёев қабылдады.

Нұр-Сұлтан. 3 маусым. Kazakhstan Today - Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) ағымдағы жылғы 31 мамыр күні ТМД қатысушы-мемлекеттері Ішкі істер министрлері Кеңесінің (ІІМК) кезекті отырысы өтті.

Аталған отырысқа Достастық елері ішкі істер министрліктерінің/полицияның, ТМД қатысушы-мемлекеттер аумағындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы және басқа да қауіпті қылмыс түрлерімен күресті үйлестіру бюросы (ТМД ҰҚҚКБ), Атқару комитеті, сондай-ақ ТМД Терроризмге қарсы күрес орталығының басшылары қатысты.

Бұл шараға Қазақстаннан Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Е.З. Тұрғымбаев бастаған ІІМ делегациясы барды.

Отырысқа қатысушылар ТМД қатысушы-мемлекеттері ІІМ-нің (Полиция) жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру және елдеріндегі қауіпсіздікті сақтау саласындағыынтымақтыстық пен өзара іс-әрекеттерінің басты мәселелері мен қылмысқа қарсы күрес бойынша мемлекетаралық бағдарламаның орындалу барысы талқылады.

Кеңес мүшелері Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы-мемлекеттері ішкі істер министрліктерінің (Полицияның) 2030 жылға дейінгі басты ұстанымдарды, міндеттерді, ынтымақтастық бағытын анықтайтын ынтымақтастық Тұжырымдамасын және жаңа кезеңдегі ТМД қатысушы-мемлекеттері ІІМ-нің өзара іс-әрекеттерінің үлгісінмақұлдады.

Кеңес Бірыңғай тәртіпті, сондай-ақ кешенді келісімдерді және ТМД қатысушы-мемлекеттері ІІМ-нің жедел алдын алу шараларын өткізу тәртібін бекітті.

Делегация басшыларын Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.М. Мирзиёев қабылдады. Ол өз кезегінде ішкі істер министрліктерінің/полицияның ТМД аясындағы қылмыспен күресте одан әрі ынтымақтастықтың қажеттігіне тоқталды.

Ішкі істер министрлерінің кездесуі өзара түсіністік пен құрмет, достық аясында өтті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны