17.09.2019, 17:25 3578

ТМД-ға мүше мемлекеттердің ақпараттандыру жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 25-ші отырысы өтуде

Бұдан өзге, конференция аясында Асқар Жұмағалиев Әзербайжан, Беларусь, Иран, Ресей және Тәжікстанда цифрландыру саласына жетекшілік ететін әріптестерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Нұр-Сұлтан. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бұл күндері елордада Байланыс саласындағы өңірлік достастықтың Байланыс әкімшіліктері басшылары кеңесінің 55-ші отырысы және БСӨД жанындағы ТМД-ға мүше мемлекеттердің ақпараттандыру жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 25-ші отырысы өтуде.

Кеңес отырыстарына 13 мемлекеттен, оның ішінде байланыс саласына жетекшілік ететін 7 министр басқарып келген делегация қатысуда. Сонымен қатар, қонақтар қатарында Халықаралық электр байланысы одағы, Дүниежүзілік пошта одағы, ТМД Атқару комитетінің өкілдері және басқа да халықаралық ұйымдардың басшылары да бар.

Кеңес отырысының ашылуында сөз сөйлеген ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, мұндай кездесулер мемлекеттердің цифрлық даму деңгейін пайымдауға және ымыраға келу үшін бірлесіп қадам жасауға ықпал ететін айтып өтті.

"Осыдан 10 жыл бұрын осындай кездесулердің бірінде өздеріңізбен 3G және 4 G байланысын енгізудің келешегін талқылағанымыз есімде. Ал бүгін күн тәртібінде мүлде басқа мәселелер тұр. Қазір біздерге ойлау көкжиегін кеңейтіп, жалпы экономиканы цифрлық трансформациялаудың маңыздылығы туралы айту маңыздырақ. Өйткені онсыз, одан әрі даму мүмкін емес", - деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.

Сондай-ақ, халықаралық шараға БСӨД БӘ басшылары кеңесінің төрағасы, РФ Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникация министрі Константин Носковтың, Халықаралық Электр байланысы одағының Бас хатшысы Хоулин Чжао мен Дүниежүзілік пошта одағы халықаралық бюросының Бас директоры Бишар Абдирахман Хуссейн қатысуда.

Бұдан өзге, конференция аясында Асқар Жұмағалиев Әзербайжан, Беларусь, Иран, Ресей және Тәжікстанда цифрландыру саласына жетекшілік ететін әріптестерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны