25.09.2023, 17:47 28466

Тоқаев Қазақстанның ЕАЭО одақ аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін мәлімдеді

Президент Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің әлеуетіне баса мән берді
Тоқаев Қазақстанның ЕАЭО одақ аясындағы  ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін мәлімдеді
Сурет: Depositphotos
Президент үкіметтер басшыларына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер ынтымақтастықты айтарлықтай нығайту үшін мол әлеуетке ие, сондықтан оны ілгерілету мақсатында барлық мүмкіндікті белсенді пайдаланған жөн деп пікір білдірді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы  ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті. Бұл Одақ өте перспективті интеграциялық ұйым деп санаймыз. Одақтың  экономикалық әлеуетінің мүмкіндіктері зор. Қазақстан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бәрі осы жерде 2015 жылы қол қойылған  шартты қатаң сақтап, тек экономикалық интеграция, сауда-саттықты дамыту, өзара тауар алмасу бағытында ғана елдеріміздің нарығын ашу мәселелерімен айналысуға тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Мемлекет басшысы сауда-экономикалық кооперацияның тиімділігі көлік-транзит әлеуетін ашумен тікелей байланысты, сондықтан көлік қатынастарының мүмкіндіктерін дәйекті түрде дамыту керек деп санайды.

Президент Иранға, Парсы шығанағына және Үндістанға шығуға мүмкіндік беретін Солтүстік – Оңтүстік транзит дәлізінің, Қазақстан – Түрікменстан – Иран теміржолының, Батыс Еуропа – Батыс Қытай бағытының мүмкіндіктері жөнінде айтты. Сонымен қатар Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің әлеуетіне баса мән берді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны