02.11.2021, 20:41 137028
Тоқаев азаматтарды қаржы пирамидаларына тартуға жол бермеу үшін шаралар қабылдауды тапсырды
Сурет: ашық көздерден
Достарға айту
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Жанат Элиманов Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаржы пирамидаларын жабу жөнінде жүктеген тапсырмасының іске асырылу барысы туралы баяндады. Жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі 15 қаржы пирамидасының қызметін тоқтатып, зардап шеккендерге 2,3 миллиард теңге қайтарылды.
Президент Агенттік басшысына құқық қорғау және басқа да мүдделі органдармен бірлесе отырып, аталған бағыттағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды. Мемлекет басшысы азаматтарды қаржы пирамидаларына тартуға жол бермеу үшін шаралар кешенін қабылдау керек екенін айтты", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Өзара бағалау көрсеткішінің екінші кезеңін ФАТФ халықаралық стандарттарына сәйкестендіруге қатысты Қазақстанның дайындығы жөнінде баяндалды. Агенттік төрағасы Президентке тәуекелдер бойынша жасалған Ұлттық бағалаудың қорытындылары және ФАТФ-тың бірқатар маңызды ұсынымын ұлттық заңнамаға енгізуге мүмкіндік беретін заң жобасы Парламенттің қарауында жатқаны туралы айтты.
Президент қылмыстық жолмен түскен табыстарды жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды оң бағалады. Атап айтқанда, қабылданған шаралар кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимылдардың Basel AML Index индексі бойынша әлемдік рейтингтегі Қазақстанның орнын жақсартты.
Мемлекет басшысына еліміздегі көлеңкелі экономикаға қарсы күрестің қазіргі жағдайы туралы мәлімет берілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жөнінде 490 іс қозғалды, оның 28-і жалған шот-фактура жазып берумен және қылмыстық жол арқылы қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан тұлғаларға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру деректері бойынша жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан аумағында құрылған Questra World қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты іс сотқа берілді. Келтірілген материалдық шығын сомасы 1 млрд теңгеден асты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
14.02.2026, 11:53 2011
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады
Достарға айту
Президент атлеттің отандық спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль иеленуін тарихи маңызы зор жетістік ретінде атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін алғыс айтты.
Мемлекет басшысы барша спорт сүйер қауым мен ел азаматтары спортшының айтулы жетістігін мақтан тұтатынын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ жаттықтырушыларға, Конькимен мәнерлеп сырғанау федерециясына және тиісті министрлікке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірді.
Президент Олимпиада чемпионына толайым табыс пен жеңіс тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.02.2026, 14:43 2231
Мемлекет басшысы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның 2025 жылы атқарған жұмысы мен биылғы міндеттері жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Асхат Хасеновтің айтуынша, былтыр Қытайдың CNOOC және Sinopec компанияларымен Атырау облысындағы Жылыой және Батыс Қазақстан облысындағы Березовский жобалары бойынша жер қойнауын пайдалану келісімшарттары жасалды. Turkish Petroleum Corporation, BP, Хорват көмірсутегі агенттігі секілді ірі халықаралық кәсіпорындар еліміздегі перспективті учаскелерді зерттеуде.
Президентке "ҚазМұнайГаз" компаниясы бұған дейін кең көлемде зерттелмеген және жіті көңіл бөлінбеген аумақтарда геологиялық барлау жүргізуге ерекше ден қойғаны жөнінде баяндалды. 2025 жылы 8 іздеу ұңғымасын бұрғылау аяқталды, ал 2029 жылға дейін тағы 24 іздеу ұңғымасын бұрғылау жоспарланған. Жалпы инвестиция көлемі 900 миллион доллардан асады.
Мемлекет басшысына ұсынылған есепке сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұнай мен конденсат өндіру көлемі 26,2 миллион тоннаға жетті. Бұл - 2024 жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары. Бұдан бөлек, көгілдір отын өндіру көлемін жылына қосымша 2,3 миллиард текше метрге ұлғайту үшін Батыс Прорва, Орталық Өріктау және Рожков кен орындарында жұмыс жүргізіліп жатыр.
Былтыр "ҚазМұнайГаздың" үш мұнай өңдеу зауытында 17,5 миллион тонна шикізат өңделді. Жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі 13,6 миллион тоннаны құрады (2024 жылғы көрсеткіштен 1,2 миллион тоннаға артық).
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ химиясы мен газ өңдеу саласындағы жалпы құны 15 миллиард доллардан асатын ірі инвестициялық жобаларды іске асыру барысымен танысты. Маңғыстау облысында қуаты тәулігіне 50 мың текше метр болатын "Кендірлі" теңіз суын тұшыту зауыты пайдалануға берілді.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы геологиялық барлау жұмыстарын жандандыруға және ірі инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыруға қатысты міндет жүктеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.02.2026, 09:39 60356
Электросамокаттар көлік құралы ретінде танылады: полиция мен бизнес өкілдері алдағы өзгерістерді талқылады
Достарға айту
Алматы қаласында электросамокаттарды пайдалануды реттеу және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараға полиция департаментінің, прокуратураның, қала әкімдігінің басшылығы, сондай-ақ кикшеринг қызметін көрсететін компаниялардың өкілдері қатысты.
Кеңес барысында электросамокаттарды ресми түрде көлік құралы ретінде тануға бағытталған заңнамалық өзгерістер жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда 1 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа нормалар жалға берілетін электросамокаттарды пайдалану үшін бірыңғай әрі міндетті талаптарды енгізуді көздейді. Сонымен бірге бизнес субъектілері үшін өтпелі кезең қарастырылған.
Жиында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, пайдаланушылардың тәртібін бақылау, цифрлық қадағалау тетіктерін енгізу және кикшеринг операторларының жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Баламалы көлік түрлерінің кеңінен қолданылуы жол-көлік оқиғалары мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың көбеюімен қатар жүретіні де атап өтілді.
Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдиновтың айтуынша, негізгі мақсат - қалалық мобильділікті шектеу емес, оны қауіпсіз әрі тиімді басқару.
Электросамокаттар бүгінде жол қозғалысының толыққанды қатысушысына айналды. Сондықтан оларға қойылатын талаптар да өзге көлік құралдарына белгіленген ережелер секілді нақты әрі міндетті болуы тиіс", - деді ол.
Полиция деректеріне сәйкес, 2025 жылы Алматы қаласында электросамокаттардың қатысуымен 386 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 400-ден астам адам зардап шеккен. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін самокат пайдаланушыларына қатысты 24 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылып, 10 мыңнан аса электросамокат арнайы тұрақтарға қойылған.
Кеңес аясында кикшеринг операторларына қойылатын талаптар да қаралды. Атап айтқанда міндетті сақтандыруды енгізу, электросамокаттарды нөмірлік белгілермен жабдықтау, геозоналау жүйесін қолдану және Ішкі істер министрлігінің дерекқорларымен интеграциялау мәселелері талқыланды.
Мопедтерді реттеу тәжірибесі жүйелі әрі қатаң шаралардың тиімді екенін көрсетті. Мұндай тәсіл жол-көлік оқиғаларын азайтып, тәртіпті күшейтеді. Дәл осы әдіс электросамокаттарға да қолданылады. Бұл - азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды қадам", - деп атап өтті Айдын Қабдулдинов.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты жалғастыруға, профилактикалық жұмыстарды күшейтуге және жаңа талаптарға бизнес пен пайдаланушылардың кезең-кезеңімен бейімделуін қамтамасыз етуге уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2026, 20:49 116776
"Халық бухгалтері" акциясының алғашқы нәтижелері
Сурет: gov.kz
Достарға айту
ҚР Үкіметнің, атап айтқанда Қаржы министрлігінің тарапынан кәсіпкерлерге қолдау көрсету, бухгалтерлік және салық есептілігінің сапасын арттыруға бағытталған біршама жұмыс атқарылып келеді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Биыл 5 қаңтардан бастап "Халық бухгалтері" республикалық акциясы қолға алынған болатын. Аталған бастаманы Қаржы министрлігі бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарымен бірге жүзеге асырған, бұл жұмыс салық төлеушілерге практикалық көмек көрсетуді көздейді.
Консультациялық кеңестер облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында мемлекеттік кірістер басқармаларының базасында офлайн-қабылдау форматында тегін өткізіліп жатыр. Акция 2026 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.
Қаңтар-ақпан айларында кеңес аптасына үш рет ұйымдастырылады - дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат: 10.00-ден 13.00-ге дейін.
Ал наурыз айынан бастап қабылдау аптасына екі рет өткізіледі. Консультациялық пункттердің жұмыс кестесі мен мекенжайлары Мемлекеттік кірістер комитетінің, МКД мен басқармалардың ресми интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілердегі аккаунттарында жарияланған. Қабылдау орындарында "Халық бухгалтері" белгілері көрсетілген.
Акцияға мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері, сондай-ақ 120-дан астам аккредиттелген кәсіби бухгалтер тартылғанын атап өткен жөн.
Осы бастама басталғалы бері 17,5 мың салық төлеуші кеңес алып, 160-тан астам сұхбат жүргізілді. Бетпе-бет жүздесу форматындағы жұмыс өз тиімділігін көрсетті: салық төлеушілерге бухгалтерлік есеп, салық есептілігі және ақпараттық жүйелердегі жұмыс мәселелеріне байланысты практикалық кеңестер берілді.
Акция шеңберінде азаматтарға бірқатар бағыт бойынша консультация ұсынылған:
- оңтайлы салық режимін таңдау және өтпелі кезең мәселелері бойынша;
- арнайы салық режимдеріндегі салық жеңілдіктері мен шегерімдер;
- электронды шот-фактураларды жазып беру;
- ҚҚС шегі, ҚҚС бойынша есептен шығару және қою;
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін рұқсат етілген қызмет түрлері;
- салық міндеттемелерін орындау тәртібі және тағы да басқалар.
"Халық бухгалтері" акциясы сәтті жалғасып келеді. Жоба түсінікті, қолжетімді және адамға бағдарланған салық ортасын қалыптастыруға арналған кешенді жұмыс болып саналады. Осы орайда кәсіпкерлер мен азаматтарды тегін кәсіби кеңес алып, өз сауаттылығын арттыруға шақырамыз!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2026, 20:05 113716
Бахтияр Мұхаметқалиев ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бахтияр Абайұлы Мұхаметқалиев ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бахтияр Мұхаметқалиев 1990 жылы 1 шілдеде Алматы облысы Бостандық ауданында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Алматы қаласында "Қазпошта" АҚ-да бас маман болып бастаған.
2010-2020 жылдар аралығында "Қазпошта" АҚ-да бас маманнан АТ-инфрақұрылым жөніндегі атқарушы директор және E-commerce департаментінің директорына дейін түрлі қызметтер атқарған.
2021-2022 жж. - "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ басқарушы директоры.
2022-2023 жж. - ҚР Премьер-министрінің Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.
2023-2025 жж. - ҚР Үкіметі Аппаратының Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.
2025 жылдың мамыр айынан қазіргі күнге дейін - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" ШЖҚ РМК бас директоры.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2026, 19:46 116991
Жобалық кеңсенің үшінші отырысында денсаулық сақтау саласына салық салудың жаңа нормасын қолдану мәселесі қаралды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің үшінші отырысында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қатысты жаңа Салық нормаларын құқықтық қолдану мәселесі қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Атамекен" ҰКП төрағасының орынбасары Тимур Жәркенов атап өткендей, қазіргі уақытта іс жүзінде салалық мемлекеттік органдардың заңға тәуелді актілерінде құқықтық белгісіздік туындауда. Атап айтқанда, мәселелер ТМККК, МӘМС тізбелеріне кіретін дәрілік заттардың, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік маңызы бар аурулардың импорты мен дәріхана желілеріндегі бөлшек саудасына қатысты. ҚҚС-ты ескерсе немесе оны есептемегендегі дәрі-дәрмектің шекті бағасын қалыптастыру мәселесі де көтерілді.
Тимур Жәркеновтың айтуынша, импорттық дәрілік заттарды кедендік рәсімдеу кезінде кеден органдары аталған тізбелерге кіретін барлық дәрілік заттың нысаналы мақсатын растауды талап етеді. Бұл ретте мұндай талап қолданыстағы ережелерді кеңінен түсіндіру әрі бұл әкелінетін дәрілердің барлық санатына арналмаған.
Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов барлық дәрілік затты импорттау кезіндегі міндетті шарт фармацевтикалық немесе медициналық қызметке лицензияның болуы, мемлекеттік тапсырыс бойынша берілетін дәрілер үшін ТМККК/МӘМС шеңберіндегі жеткізу шарты, сондай-ақ тауарды мақсатты пайдалану туралы жеткізушінің міндеттемесі екенін түсіндірді. Тіркелген дәрілік затты импорттау кезінде Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тіркеу талап етіледі. Тіркелмегендерге Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсат құжаты қажет. Бұл ретте нысаналы мақсатты растау Қазақстан аумағында өндіріс үшін пайдаланылатын дәрілік субстанциялар мен балк-өнімдерді импорттау кезінде ғана қажет.
Талқылау қорытындысында мәселе Жобалық кеңсенің отырысында шешілді. Қолданыстағы ережелерге өзгеріс енгізіліп, дәрілік заттардың импорты жөніндегі ұстаным жұмыста қолдану үшін таяуда кеден органдарының аумақтық бөлімшелеріне жеткізілмек. Тағы бір мәселе орфандық және әлеуметтік маңызы бар ауруды емдеуге арналған дәрілік затты ҚҚС-тан босатуға қатысты. Қазіргі уақытта дәріханалар мұндай дәрі-дәрмекті жеткізушілерден сатып алудан бас тартып отыр. Себебі жеткізушілер қолданыстағы ереже тек импорт кезінде ғана емес, көтерме және бөлшек сауда да ҚҚС-тан босатылатынына қарамастан 5% және 16% ставкаларын қолданады. Бұл норма әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмекті бөлшек саудасына қол жеткізуге арналған.
Талқылау қорытындысы бойынша, Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті МКК-мен бірлесіп, қысқа мерзімде бірыңғай ұстанымды әзірлеп, оны фармацевтикалық қоғамдастықтың назарына жеткізуі тиіс. ҚҚС есептелген немесе ол қосылмаған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға шекті бағаларды бекіту мәселесі де талқыланды. Бұл ретте салық төлеуші ҚҚС-ты шекті бағадан тыс есептеуге құқылы. Өйткені ол нақты өткізу бағасы емес, жол берілетін жоғарғы шек қана. Денсаулық сақтау министрлігі мен МКК қысқа мерзімде осы мәселе бойынша бірыңғай шешім әзірлеп, оны бизнес-қоғамдастыққа жеткізеді.
МКК тарапынан денсаулық сақтау саласына байланысты ҚҚС бойынша нормаларды қолдануға байланысты бірқатар мәселе айтылды. Олардың барлығы Жобалық кеңсенің отырысында қаралды. Жақын арада бизнесті ақпараттандыру үшін МКК ресурстарында жарияланады.
Өткен аптада салық органдарына, Ұлттық экономика министрлігіне және "Атамекен" ҰКП-ға 16,1 мың өтініш келіп түсті. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 3,4 мыңға аз. 16 мыңға жуық өтініш МКК коммуникациялар арналары арқылы келіп түсуде. Олар салықтық әкімшілендіру мәселесіне қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2026, 18:12 129326
Әсет Ерғалиев ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2026, 16:44 117261
Өңірлерде тұрақтандыру қорларындағы көкөністерді белсенді сату басталды
Достарға айту
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен инфляцияны тұрақтандыру мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Соңғы екі аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің орташа баға индексі нөлдік деңгейде сақталып отыр. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, қияр (-2,5%), балық (-1,4%), алма (-0,5%), ұсақталған ет (-0,3%), қарақұмық пен сиыр еті (-0,2%), қатты ірімшік пен жұмыртқа (-0,1%) бағалары төмендегені тіркелді. Қызанақ, сүт, тауық еті, сүйекті сиыр еті және нан бағалары тұрақты. Сонымен қатар көкөніс-жеміс өнімдерінің бағасы маусымаралық кезеңге байланысты өсіп келе жатқаны байқалады.
Бағаны тұрақтандыру мақсатында ақпан айынан бастап тұрақтандыру қорларындағы көкөністердің белсенді түрде сату басталды. Бүгінгі күнге дейін аймақтардағы сауда орындарына қолжетімді бағамен 57 мың тоннадан астам көкөніс жеткізілді. Ақпан айында нарыққа қосымша шамамен 80 мың тонна картоп, 11 мың тонна пияз, 27 мың тонна сәбіз және 19 мың тонна қырыққабат шығару жоспарлануда.
Жиын барысында майлы өнімдер, атап айтқанда күнбағыс майының бағасын тұрақтандыру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Вице-премьер Ауыл шаруашылығы министрлігіне отандық зауыттарда күнбағыс майын өндіру үшін фермерлерді майлы тұқым сатуға ынталандыратын шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл шара фермерлерді қолдауға, кәсіпорындардың жұмысын қамтамасыз етуге және ішкі нарыққа май жеткізілімін арттыруға мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері 72 аймақтық комиссия отырысы өтіп, сауда үстемесін қолдану тәртібін бұзудың 128 фактісі анықталған. Сауда саласында мемлекеттік бақылауға 218 бизнес субъектісі қамтылған, жалпы салынған айыппұл сомасы 3,7 млн теңгені құраған. Серік Жұманғарин формалды түрде өтіп, сауда үстемесін шектеу бойынша ешқандай нәтиже бермеген Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Павлодар облыстарындағы аймақтық комиссиялардың жұмысын сынға алды.
Жиын қорытындысы бойынша вице-премьер жергілікті деңгейде жеке жауапкершілікті қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, баға өсімін болдырмау, заңсыз баға өсуін тоқтату және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша практикалық жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.02.2026, 10:50Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады
09.02.2026, 22:39 221911Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады10.02.2026, 12:57 208406Қазақстан СІМ басшысы Түркия Елшісін қабылдады10.02.2026, 13:08 208341Қазақстан мен Латвия транзит және көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда10.02.2026, 14:03 208321Қазақстан мен Америка мемлекеттері ұйымы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады10.02.2026, 16:15 208201Қазақстан мен БҰҰ АзТМЭӘК ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады
19.01.2026, 15:15 225556Өнеркәсіптік объектілер үшін санитариялық-қорғау аймақтарын белгілеудің жаңа қағидалары20.01.2026, 11:17 224896Күн бетінде ең қуатты жарқыл болды20.01.2026, 10:34 2026 жылы салық режимін қалай таңдауға болады: кәсіпкерлер 1 наурызға дейін хабарлама тапсыруы қажет2228412026 жылы салық режимін қалай таңдауға болады: кәсіпкерлер 1 наурызға дейін хабарлама тапсыруы қажет09.02.2026, 22:39 221911Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады21.01.2026, 10:52 217526Қазақстанда заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі регламенттеледі

