31.08.2021, 20:12 7189

Тоқаев Шығыс экономикалық форумына қатысады

"3 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруы бойынша бейнеконференция байланысы форматында Шығыс экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады".
НҰР-СҰЛТАН. 31 ТАМЫЗ - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің шақыруымен Шығыс экономикалық форумына қатысады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
 

3 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруы бойынша бейнеконференция байланысы форматында Шығыс экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады", - деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.

 
Ол жыл сайын Владивостокта ұйымдастырылатын форум "Қиыр Шығыстың өзгеретін әлемдегі жаңа мүмкіндіктері" тақырыбына арналғанын айтты. Іс-шара барысында Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жаңа тетіктері талқыланады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны