25.01.2021, 20:27 15892

Тоқаев Су кодексіне қол қойды

Заң жобасы ауыл тұрғындары үшін су тарифін төмендетуді көздейді.

Нұр-Сұлтан. 25 қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң жобасы ауыл тұрғындары үшін су тарифін төмендетуді, соның ішінде субсидия алу рәсімдерін оңтайландыру есебінен төмендетуді көздейді.

Заңның мақсаты халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін өңірлердің субсидияларды уақытылы бөлуі және алуы болып табылады.

Заң жобасының міндеттері - халықты ауыз сумен қамтамасыз ету рәсімін оңтайландыру, жаңадан салынған ауыз сумен жабдықтау жүйелерін жеңілдікті объектілер тізіміне енгізуді жеделдету, ауылдық жерлердегі халықты ауыз сумен жабдықтау қызметтерінің құнын төмендету.

Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды жергілікті жүйелерінің тізбесін әзірлеу және бекіту жөніндегі функцияларды уәкілетті органнан жергілікті атқарушы органдарға беру көзделеді.

Тағы бір новелла - облыстардың жергілікті өкілді органдарына ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту жөнінде жаңа өкілеттіктер беру.

Бұдан басқа, коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту жөніндегі құзыретін енгізу көзделген.

Заң жобасы мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны