28.02.2014, 23:33 9933

Тоқішегіне салмағы 2 грамм героин жасырып өтпек болған қазақстандық ұсталды

Мекемеден хабарлауынша, "Мерке" жеке шекаралық бақылау пунктіне қарасты "Айша бибі" өткізу-бақылау пунктінің бақылаушылары 2 грамм героинды тоқішегіне жасырып өтпек болған 32 жастағы Қазақстан азаматын ұстады

Алматы. 28 ақпан. Kazakhstan today. Тоқішегіне салмағы 2 грамм героин жасырып өтпек болған қазақстандық ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мекемеден хабарлауынша, "Мерке" жеке шекаралық бақылау пунктіне қарасты "Айша бибі" өткізу-бақылау пунктінің бақылаушылары 2 грамм героинды тоқішегіне жасырып өтпек болған 32 жастағы Қазақстан азаматын ұстады.

Нақтырақ айтсақ, алғашқыда аталған азаматтың заттарын тексеру кезінде күдіктенерліктей ештеңе байқалмады, бірақ оның жүріс-тұрысы күдік туғыза берген соң "пассажир скан" деп аталатын арнайы құрал арқылы тексеруге тура келді. Шекарашылардың күдігі шындыққа айналды, арнайы құрал жолаушының ішінде бөтен заттың бар екендігін көрсетті.

Осылайша, отандасымыздың тоқішегінен салмағы 2 грамм болатын героин - есірткі заты алынды.

Аталған дерек бойынша сараптау жұмыстары жүргізіліп, құқық қорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары басталды. Ұсталған азамат енді қылмыстық жазаға тартылатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны