14.01.2011, 16:41 3817

Төтенше жағдайлар кезінде өтемақы ретінде берілген үйлерді жеке меншікке өткізу механизмін заңды тұрғыдан бекіту қажет - Божко

Бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде төтенше жағдайлар кезінде өтемақы ретінде берілген үйлерді жеке меншікке өткізу механизмін заңды тұрғыдан бекіту қажет екендігін мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 14 - қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде төтенше жағдайлар кезінде өтемақы ретінде берілген үйлерді жеке меншікке өткізу механизмін заңды тұрғыдан бекіту қажет екендігін мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің ақпараттарына сүйенсек, "төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде өтем ретінде бюджеттік қаражат есебінде тұрғызылған тұрғын үйлер мен өзге де материалдық құндылықтарды азаматтардың жеке меншігіне беру тәртібін анықтап, заңнамаға өзгерістер енгізу қажет", - деді ол.

"Салынған үйлерді азаматтардың қолданысына бердік, олардың алғыс сөздерін Сіз естіп, көріп отырсыз", - деді министр К.Мәсімовке қаратып айтқан сөзінде. - Бірақ, заңды тұрғыда оларды жекешелендіріп беруге сызба жоқ. Заң бойынша бірқатар ережелерге өзгертулер енгізу қажет. Тиісті ұсыныстармен Сізге шығатын боламыз, - деп түйіндеді сөзін В.Божко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны