18.07.2007, 17:59 2452

Төтенше жағдайлар министрлігі "Eurocopter" компаниясынан елімізге 48 тікұшақ алу жөнінде алдын-ала келісімге келді

АСТАНА. 18 шілде. Kazakhstan Today. Төтенше жағдайлар министрлігі "Eurocopter" компаниясынан елімізге 48 тікұшақ алу жөнінде алдын-ала келісімге келді. Осы жөніндегі ниет хаттамасына бүгін Астанада қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпуновтың хабарлағанындай, жеңіл және орта класты тікұшақтар сатып алынбақшы. Атап айтсақ, ЕС-135, -145 және -155 үлгісіндегі тікұшақтар қарастырылуда. "Қаржы көлемі мен сауда-саттық мерзімі біздің компаниямен арадағы жұмысымыздың қарқынына байланысты. Тікұшақтар бюджет қаржысына сатып алынатындықтан, ол тендер негізінде жүзеге асырылады. Бұл тікұшақтардың құны басқа компаниялардың тендерге ұсынуы мүмкін тікұшақтарының бағасымен деңгейлес болуының маңызы зор", - деді министр. "Премьер-министр Кәрім Мәсімов маған аталмыш тікұшақтарды сатып алу мәселесін үкіметтік деңгейде шешу үшін компаниямен бірлесе мәселелерді қарау нәтижесін баяндауға тапсырма берді", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны