15.05.2015, 12:16 3635

Тұӊғыш рет Тәжікстан Республикасыныӊ аумағына ҚР ҚК бас штабыныӊ оперативті тобы жіберілді

Естеріӊізге сала кетсек, ағымдағы жылдыӊ 12 мамыры күні ҰҚШҰ Біріккен штабыныӊ дабылы бойынша Қазақстанныӊ Қарулы Күштерінен келген бес мыӊнан аса адам, шамамен 400 қару-жарақ пен әскери техника жауынгерлік әзірліктіӊ жоғарғы деӊгейіне келтірілді.

Астана. 15 Мамыр. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 14 мамыры күні Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымыныӊ Жедел іс-қимыл ұжымдық күштеріне (ҰҚШҰ ЖІҰК) кіретін қазақстандық әскери контигент "Харбмайдон" (Тәжікстан Республикасы) полигоныныӊ аумағына келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Искерлерді тиянақты басқаруды қамтамасыз ету үшін Тәжікстан Республикасы аумағына ҚР Қарулы Күштері Бас штабыныӊ оперативті тобы жөнелтілді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Екі тәулік бойы қазақстандық әскерлердіӊ қайта жасақталу үдерісі аяқтады. Осы орайда қазақстандық әскерлер тобы аталған ауданға бірінші болып келді. Тәжікстан Республикасыныӊ аэродромында алдын-ала тексеруден өткен соӊ аэродромды күзету және қорғау үшін арнайы мақсаттағы бөлімшелер ауыр қару-жарағымен және әскери техникаларымен бірге орналасты.

Аталған ЖІҰК тобына кіретін қазақстандық әскерлерден құралған негізгі топ шоғырлану аумағына 14 мамыр күні келген болатын.

Майдандық авиация тағайындалған аэродромға орналастырылды. Аталған ЖІҰК құрамына кіретін, жауынгерлік әзірлікті тексеруге тартылған барлық әскерлер тапсырманы орындауға дайын.

Қазақстандық бөлімшелер қаруларымен, оқ-дәрілерімен және әскери техникалары қазақстандық ИҚК әскери-көліктік авиациясыныӊ тоғыз ұшақ рейсімен келді.

Ертеӊ қазақстандық күштер мен заттардыӊ барлығы ҰҚШҰ ЖІҰК басшылығына беріліп, аталған ұйыммен басқарылатын болады.

Естеріӊізге сала кетсек, ағымдағы жылдыӊ 12 мамыры күні ҰҚШҰ Біріккен штабыныӊ дабылы бойынша Қазақстанныӊ Қарулы Күштерінен келген бес мыӊнан аса адам, шамамен 400 қару-жарақ пен әскери техника жауынгерлік әзірліктіӊ жоғарғы деӊгейіне келтірілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны