07.12.2007, 18:15 3153

Тұрақты даму қазақстандық бренд бола алады және болуға тиіс - Назарбаев

Тұрақты даму қазақстандық бренд бола алады және болуға тиіс - Назарбаев

Астана. 7-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Тұрақты даму қазақстандық бренд бола алады және болуға тиіс. Бұл туралы бүгін шетелдік иинвесторлар кеңесінің 18-ші отырысын аяқтаған елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

«Тұрақты даму қазақстандық бренд бола алады және болуға тиіс, бізге тарихи мүмкіндік, экологиялық мәселелерге аса назар аудара отырып қазақстандық өнімдерді дүниежүзіне таныту мүмкіндігі беріліп отыр»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев. «Илемдік нарықтағы біздің тауарлар мен өнімдерімізді сататын бағыт салалары осылай пайда болады»,- деп қосты ол.

«Шетелдік инвесторларды біздің аумақтағы экологиялық таза өндіріске өз қаржыларын сала отырып, өз саясаттарын осы бағыттағы ойластыруға шақырамын»,- деді мемлекет басшысы жиналысқа қатысушыларға қарап сөйлеген сөзінде.

«Біз сіздермен экономиканың қай саласында да ынтымақтастық жасасақ та, сіздер қазақстандық билік өкілдері тарапынан барлық қажетті қолдау табатындықтарыңызға сенімді болуларыңызды айтқым келіп отыр»,- деді президент.

«Біздің бүгінде конструктивтік диалог арқылы келешектегі өзара тиімді ынтымақтастығымыз үшін біздің бірлескен күш-жігеріміздің жоспарын белгілегенімізге өте қуаныштымын. Бүгінгі отырысты нәтижелі отырыс деп санаймын»,- деп қорытындылады Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны