06.09.2016, 14:45 3994

Туристер үшін ЭКСПО-2017 көрмелерін аралайтын үш күндік турлар әзірленді

Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен 2017 жылы 37 ел үшін визасыз режим қосылмақ. Ол Малайзия, Сингапур, БАИ елдеріне қатысты болмақ.

Астана. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Туристер үшін ЭКСПО-2017 көрмелерін аралайтын үш күндік турлар әзірленді, деді ЭКСПО көрмесін өткізу бойынша қоғамдық кеӊестіӊ үшінші отырысында "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ туризмді дамыту және ілгерілету департаментініӊ директоры Аллен Шайжүнісов.

"Біз шетелден 15 пайыз немесе 300-ден 500-ге дейін шетелдік азаматтарды күтудеміз. 2015 жылы бірқатар ел өкілдеріне визалық режимді жеӊілдету шешімі қабылданған. Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен 2017 жылы 37 ел үшін визасыз режим қосылмақ. Ол Малайзия, Сингапур, БАИ елдеріне қатысты болмақ", - деді ол.

Департамент директоры айтып өткендей, туристік сала келушілердіӊ санын көбейтетін басты фактор болып отыр.

"Бұл орайда біз "ЭКСПО-2017 турөнімдері" портфолиосын әзірледік. Оныӊ құрамына көрмеге қатысу, екінші тараптан мазмұндық бағдарлама, көрме, 300 мәдени-көӊіл көтеру шарасы қосылады. Бұл Астанада өткізіліп жатқан шара аясында тиімдірек болуы мүмкін", - деді ол.

Оныӊ айтуынша, Қазақстан азаматтарыныӊ қолайлығы үшін топтаманыӊ а түрі қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны