02.09.2017, 21:17 4038

Түркия Республикасы Президентініӊ Астанаға биылғы 9 қыркүйектегі ресми сапарына қатысты мәселелер талқыланды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасыныӊ Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Ақорда.

Астана. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасыныӊ Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Ақорда.

Режеп Тайип Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты Құрбан айт мерекесімен құттықтады, оған зор денсаулық пен табыс тілеп, Қазақстан халқыныӊ өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді.

Мемлекеттер басшылары әӊгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтыӊ жағдайы мен перспективаларына, сондай-ақ Түркия Республикасы Президентініӊ Астанаға биылғы 9 қыркүйектегі ресми сапарына қатысты мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, екі ел көшбасшылары биылғы 10-11 қыркүйекте Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін өткізу мәселелері туралы пікір алмасты.

Президенттер Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарын кеӊ ауқымды бағыттар бойынша одан әрі нығайту үшін сындарлы диалогты жалғастыруға уағдаласты.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны