04.06.2013, 13:06 3173

Түркіменстан-Ауғанстан-Тәжікстан арасын жалғайтын теміржол салынады

Түрікменстан ұйымдастырған басқосуға сол елдің басшысы Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов Ауғанстан басшысы Хамит Карзай мен Тәжікістан басшысы Имамоли Рахманов қатыспақ.

Астана. 4-маусым. Kazakhstan Today - Түркіменстан-Ауғанстан-Тәжікстан арасын жалғайтын теміржол салынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Түрікменстан-Ауғанстан-Тәжікістан теміржолы жобасының іргетасы 5 маусым күні қаланады.

Түрікменстан ұйымдастырған басқосуға сол елдің басшысы Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов Ауғанстан басшысы Хамит Карзай мен Тәжікістан басшысы Имамоли Рахманов қатыспақ.

Бұған дейін үш елдің басшысы 2013 жылғы 20 наурызда Ашғабадтағы үштік саммитте аталмыш жобаға байланысты хаттамаға қол қойған болатын.

Жоба аясында ұзындығы 85 шақырым Атамұрат-Имамназар арасындағы теміржолы салынады. Жобаның екінші сатысы болса Имамназардан Ауғанстанның Андхой аймағына дейінгі 38 шақырымға теміржолы төселеді.

Жалпы ұзындығы 400 шақырым болатын теміржолға шамамен 400 миллион доллар инвестиция құйылады. Ауған әкімшілігі жобаның Ауғанстандағы бөлімі үшін Азия даму банкінен қолдау күтеді.

"Сонымен бірге Тәжікстан әкімшілігі өз үлесіне түсетін 160 километр жолды салу үшін қаржы көзін іздеуге кірісті. Осы ел де Ислам даму банкінен көмек күтеді", жазады дерек көзі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны