02.12.2016, 11:49 8686

Түркістан қаласы 2017 жылы бүкіл түркі әлемініӊ мәдени астанасы болмақ

Мұндай шешім ТҮРКСОЙ ұйымына мүше-елдердіӊ мәдениет министрлерініӊ тұрақты кеӊесініӊ 34-ші отырысында және "Шеки- 2016 жылғы түркі әлемініӊ мәдени астанасы" жылын жабу рәсімінде қабылданды.

Шымкент. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ Түркістан қаласы 2017 жылы бүкіл түркі әлемініӊ мәдени астанасына айналмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мұндай шешім ТҮРКСОЙ ұйымына мүше-елдердіӊ мәдениет министрлерініӊ тұрақты кеӊесініӊ 34-ші отырысында және "Шеки- 2016 жылғы түркі әлемініӊ мәдени астанасы" жылын жабу рәсімінде қабылданды.

ТҮРКСОЙ ұйымына мүше-елдердіӊ мәдениет министрлерініӊ тұрақты кеӊесініӊ 34-ші отырысындыӊ күн тәртібіне құрылымныӊ өткен жылдағы іс-қызметін бағалау, дәстүрлі фестивальдар жайын, ағымдағы және жаӊа жобаларды талқылау мәселелері кіреді.

"Шеки қаласы 2016 жылы бүкіл түркі әлемініӊ мәдениет қайраткерлерін жоғарғы деӊгейде қабылдады. Түркі әлемініӊ мәдени астанасы мәртебесініӊ арқасында Изербайжанныӊ осынау тарихи қаласы өзін бүкіл әлемге паш ете алды. Бүгінгі іс-шарада Қазақстанныӊ Түркістан қаласы 2017 жылы бүкіл түркі әлемініӊ мәдени астанасы болып сайланды", - деді ТҮРКСОЙ ұйымыныӊ бас хатшысы Дүйсен Қасейінов.

Дүйсен Қасейіновтыӊ хабарлауынша, түркі әлемініӊ ЮНЕСКОсы ретінде мойындалған Түркі мәдениетініӊ халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) 20 жылдан бері түркі халықтарыныӊ арасындағы достық пен бауырластық байланыстарды бекіте түсу, ортақ түркі мәдениетін болашақ ұрпаққа жеткізу және оны бүкіл дүниежүзіне насихаттау жұмыстарын тиімді жүргізіп келеді. Сондай-ақ, ТҮРКСОЙ ұйымыныӊ аса сәтті жобаларыныӊ бірі 2012 жылдан бастап Түркі әлемініӊ мәдени астаналарын сайлау екені атап өтілді.

Түркістан қаласы туралы мәлімет

Түркістан - Орта Азия мен Қазақстандағы еӊ көне қалалардыӊ бірі. Ол туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІҮ-ІХ ғғ. бастап Шавғар деген атпен кездесе бастайды.

ХІҮ ғасырда, яғни Қожа Ахмет Яссауи кесенесі салынғаннан кейін, Түркістан бүкіл түрік тілдес халықтардыӊ діни орталығына айналып, "Хазрети Түркістан" немесе "Кіші Мекке" атанды. Бұл болжамды шығыс зерттеушісі академик В.В.Бартольд да қолдайды.

ХҮ ғасырда Түркістан Сырдария өӊірініӊ саяси және экономикалық орталығына айналып, 1598 жылы ол біржолата қазақ хандығыныӊ орталығы болады. Бұған дәлел - Қожа Ахмет Яссауи кесенесі төӊірегіне қазақ хандарыныӊ жерленуі.

Түркістан қаласы сонымен қатар орта ғасырдыӊ өзінде ірі білім орталығы болғандығы белгілі. Оныӊ мәдени өмірінде дәруіш ақындардыӊ, ислам дінін уағыздаушылардыӊ да шығармалары үлкен орын алады.

Олардыӊ қатарына Қожа Ахмет Яссауи бастап, оныӊ шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Жүгнеки, Жүсіп Баласағұндар жатады.

Мыӊ жарым жылдан аса өмірбаяны бар Түркістан - ер жүрек батыр қала. Монғол-татар, жоӊғар шапқыншылығын, қазіргі Орта Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер мен хандықтардыӊ жаугершілігін көрген қала. Орта ғасырдағы Сыр бойындағы Сығанақ, Сунақ, Сауран сияқты үлкен шаһарлардан біздіӊ ғасырға жеткені де осы қала.

ХҮІІ ғасырдыӊ басынан Түркістан қазақ хандығыныӊ, яғни қазақ мемлекетініӊ астанасы болды. Қазақстан мен Ресейдіӊ қарым-қатынасын реттеу үшін Түркістаннан Ресейге, Ресейден Түркістанға елшіліктер жүріп отырған.

Өткен дәуірлерде құрылыс саласында қол жеткен табыстардыӊ көпшілігін өз бойына жинақтаған ғимараттардыӊ бірі, Түркістан қаласындағы күні бүгінге дейін жақсы сақталып келген кесене.

Бізге жеткен жазба мәліметтерге қарағанда, көне Ясыда, қазіргі мавзолей тұрған орнында мұсылманныӊ атақты әулиелерініӊ бірі, дәруіштер шайқасы - Ахмет қабіріне ХІІ ғасырдыӊ өзінде-ақ шағын мавзолей орнатылғаны белгілі. Кейін бұл мавзолей мұсылмандардыӊ жаппай тәуеп ету орнына айналды.

1991 жылдыӊ 1-ші қаӊтарынан бастап Республикалық музей "Мемлекеттік тарихи-мәдени Изірет Сұлтан қорық музейі" болып қайта құрылды. Қорықтыӊ жалпы ауданы 88,7 гектар. Оған бірнеше ортағасырлық ескерткіштер кіреді:

1-Қазақ хандарыныӊ зираттары (Есім, Тәуке хандар);

2- Ұлы астроном, ғалым Ұлықбек қызы Рәбия Сұлтан Бегім мазары;

3- Ортағасырлық "Шығыс моншасы";

4- Жер асты мешіті (Аӊызға қарағанда, Ахмет 63 жасқа келген соӊ, Мұхаммедтен артық өмір сүру күнә деп, өмірініӊ қалған жылдарын осы жер астында өткізген көрінеді. Осында отырып бүкіл мұсылман әлеміне белгілі "Хикметтерін" жазады);

Шілдехана, белгісіз мавзолей, Гауһар ана, Алқожа ата мавзолейлері, т.б. ескерткіштер. Сәулет-ғимарат - аса үлкен күмбезді құрылыс. Оныӊ ені 46,5м, ұзындығы 65м. Орталық бөлмесініӊ төӊірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған.

Темірдіӊ кезінде барлық құрылымы бітпеген, тек нұсқасы ғана барды. Оныӊ құрылысын Бұқарды билеген Абдолла хан аяқтайды. (1583-1598).

Қоқан билігі тұсында мұнаралар мен порталдар қам кесекпен қоршалып, мавзолей қамалға айналдырылған.

Мұнан кейінгі ғасырларда Түркістан билеушілері өз кезеӊіне сәйкес кесене құрылысын толық аяқтауға тырысқанмен, ешқайсысы да белгілі бір нәтижеге жете алмаған.

Қазіргі кезде бұл алып құрылыс бізден 700-800 жыл бұрын өмір сүріп, кейіннен қазақ халқыныӊ негізін құраған көне түркі тайпаларыныӊ тілі, діні, мәдениеті мен тарихын зерттеуде өте құнды дерек болып табылады.

Түркістан қаласы Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ орталығы Шымкент қаласынан 170 шақырым қашықтықта орналасқан. Қаланыӊ шығысы тарихи Отырармен, солтүстігі Кентау қаласы және Созақ ауданымен, батысы Қызылорда облысыныӊ Жаӊақорған ауданымен шектеседі. Икімшілік аумағы 7,4 мыӊ шаршы шақырымға жетеді.

2013 жылдыӊ 1 қаӊтарына қала халқыныӊ саны 243,7 мыӊ адамды құрады, құрамына 12 ауылдық әкімшілік және 5 мөлтек аудан кіреді. Қалада 46 ұлттыӊ өкілі тұрады.

Қала халықаралық көлік магистральдіӊ желісінде орналасқан. Түркістан-Сібір магистралі өтетін қалада 60 км шойын жол торабы, 1583,6км автокөлік жолы бар. Түркістан қаласын Шымкент-Самара автомагистралі кесіп өтеді.

Түркістан қаласында 34 өнеркәсіп мекемелері жұмыс істейді. Шағын кәсіпкерлік дамыған. Онда жұмысқа жарамды халықтыӊ 49,1 пайызы жұмыс жасайды. Қаланыӊ әлеуметтік-инфрақұрылымында Ардагерлер үйі, драм-театр, этно-клуб, спорттық сауықтыру комплексі, аквопарк, қонақ үйлер, мейрамханалар, салтанат үйлері т.б. жұмыс жасайды.

Қаржы инфрақұрылымында 8 банк бөлімшелері жұмыс атқаруда.

73 жалпы білім беру мектептерінде 49433 оқушы, 26 мектеп алды мекемелерде 5040 бала тәрбиеленуде.

Қалада 1992 жылы құрылған Халықаралық Қазақ-Түрік университеті бар. Онда 14,2 мыӊнан аса студенттер білім алады. Университетте 26 елден 500-ден астам студент оқиды. Оныӊ ішінде: Түркия, Кипр, Қырғызстан, Түркменістан, Башқортстан, Дағыстан, Саха Республикасы, Монғолия, Қытай және т.б. елдерден.

3 мемлекеттік, 7 мемлекеттік емес колледждерде 7,5 мыӊнан аса студенттер білім алады.

Қала халқына 12 аурухана, 6- емхана, 14- ФАП, 3 - ФП, 16 -дәрігерлік амбулатория, 45- дәріхана, 1- диагностикалық орталық, 1- жедел жәрдем бөлімі қызмет көрсетеді. 438 дәрігер, 1356 орта буынды медициналық дәрігер бар.

Түркістан қаласында 3 ұлттық мәдени орталық, "Тұран-Түркістан" телеарнасы және "Түркістан" газетініӊ редакциясы жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны