27.07.2018, 15:49 4010

Түркістан облысы халқыныӊ саны 1 955 219 адамды құрап отыр

Ағымдағы жылдыӊ 1 маусымдағы есеп бойынша Түркістан облысы халқыныӊ саны 1 955 219 адамды құрап отыр. Оныӊ ішінде қалалық жерде - 380 929 адам (19,5%), ауылдық жерде - 1 574 290 адам (80,5%). Түркістан облысы республикада туу мен табиғи өсім бойынша 1 орында, ал халық санынан екінші орынды иемденген.

Түркістан. 27 шілде. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 1 маусымдағы есеп бойынша Түркістан облысы халқыныӊ саны 1 955 219 адамды құрап отыр. Оныӊ ішінде қалалық жерде - 380 929 адам (19,5%), ауылдық жерде - 1 574 290 адам (80,5%). Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Статистика департаментініӊ басшысы Айдар Ибілдабеков мәлімдеді.

Оныӊ айтуынша, Түркістан облысы республикада туу мен табиғи өсім бойынша 1 орында, ал халық санынан екінші орынды иемденген.

"Облыста 2018 жылдыӊ қаӊтар-мамыр айларында халықтыӊ табиғи өсімі 17 448 адамды құрап, өткен жылдыӊ тиесілі кезеӊмен салыстырғанда 2,8 пайызға артқан. Ал облыс туу бойынша республика деӊгейінде көш бастап келеді. Ағымдағы жылдыӊ қаӊтар-мамыр айларында 1000 қыз балаға 1074 ұл бала туылды. Осы кезеӊ аралығында облыс бойынша өлгендер саны - 4 276 адамды құрап, алдыӊғы жылғы тиісті кезеӊімен салыстырғанда 1,1 пайызға кеміді", - деді Айдар Ахметбекұлы.

Бұдан бөлек, 2018 жылғы қаӊтар-мамырда көші-қонмен облысқа келген халықтыӊ саны - 38 689 адамды құрап, облыстан кеткендердіӊ саны - 77 524 адамға жеткен. Оныӊ ішінде 8 605 адам - Қазақстанныӊ басқа облыстарына, 60 адам - ынтымақтастық елдеріне, 6 адам - алыс шет елдеріне кеткендер.

Облыстық Статистика департаментініӊ мәлімдеуінше, көші-қон ағыны бойынша абсолюттік ауытқу айырымы: облыс-аралық көші-қон - 38 835 адам (теріс), ТМД елдері бойынша - 228 адам (оӊ) болды.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны