11.07.2018, 14:22 4002

Түркістан облысындағы жаӊадан құрылған төрт ауданныӊ шекарасы бекітілді

10 шілдеде алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттыӊ кезектен тыс жиырма жетінші сессиясында Түркістан облысыныӊ таяуда бөлініп, қайта құрылған Жетісай, Мақтаарал, Келес, Сарыағаш аудандарыныӊ шекаралары бекітілді.

Түркістан. 11 шілде. Kazakhstan Today - 10 шілдеде алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттыӊ кезектен тыс жиырма жетінші сессиясында Түркістан облысыныӊ таяуда бөлініп, қайта құрылған Жетісай, Мақтаарал, Келес, Сарыағаш аудандарыныӊ шекаралары бекітілді.

Сессия жұмысына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Елбасымыздыӊ қолдауымен екі ауданныӊ бөлінуі халқы тығыз орналасқан аумақ үшін маӊызды екеніне тоқталды.

"Өткен аптадағы Үкіметтіӊ отырысында аталған аудандардыӊ шекарасын бекіту туралы ұсынысымыз қабылданып, бүгін мәслихаттыӊ сессиясында бекітіп отырмыз. Бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Қайта құрылған Сарыағаш ауданыныӊ аумағы 417 мыӊ гектарды құраса, жаӊадан құрылған Келес ауданыныӊ шекарасы 345 мыӊ 129 гектарды, Жетісай ауданыныӊ аумағы 104 мыӊ 600 гектарды, ал Мақтаарал ауданыныӊ көлемі 80 мыӊ 760 гектарды құрайтын болады. Осыған орай, аудан әкімдеріне тиісті жұмыстарды қолға алып, ұйымдастыруды тапсырамын",-деді облыс әкімі.

Бұдан бөлек, аймақ басшысы облыс орталығы - Түркістан қаласына көшу бойынша қызу жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып, қыркүйек айында барлық басқармалармен бірге көшетінін жеткізді. Ол үшін шілде, тамыз айларында әкімдікке қарасты мекемелер мен мәслихат аппараты орналасатын ғимараттар дайындалатынын атап өтті.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі жоғарыда аталған жұмыстарды бірлесе ұйымдастырып, Түркістан қаласына көшуге біркісідей атсалысуға шақырды.

Сессияныӊ барысында бірқатар халық қалаулылары "Астанаға 20 жыл" мерекелік және "Облысқа сіӊірген еӊбегі үшін" медалімен марапатталды. Олардыӊ қатарында Серікжан Сейтжанов, Есей Өркен, Исет Қайыпбеков, Қайрат Сапарбаев, Мұрат Төлтебаев, Қайрат Сүлейменов, Бекасыл Төлендиевалар бар. Ал облыс әкімініӊ Құрмет грамотасымен Рабиға Қуатбекова, Зуппархан Чалданов, Айнаш Сатиевалар марапатталды.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны