27.06.2018, 15:51 6893

Түркістанныӊ бас жоспарына халықаралық конкурс ұйымдастырылады

"Батыс Европа-Батыс Қытай" дәлізі қаланыӊ ортасынан өткендіктен қала тұрғындары мен қонақтарыныӊ жолда жүру қауіпсіздігін қамтасыз етуге кері әсерін тигізуде. Осы ретте, қала ішінде орналасқан 18 шақырым республикалық маӊызы бар жолды қала сыртына көшіру қажет",-деді И.Өсербаев.

Түркістан. 27 маусым. Kazakhstan Today - Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин облыс орталығында Түркістан аймағын дамыту перспективалары туралы комиссияныӊ алғашқы отырысын өткізді.

Комиссия отырысына ҚР Президенті Икімшілігі Басшысыныӊ орынбасары О.Оразалин, Түркістан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаев, Ұлттық экономика вице-министрі А.Жұмағұлов, Ауыл шаруашылығы министрініӊ орынбасары Е.Нысанбаев, Білім және ғылым вице-министрі Б.Асылова, Ішкі істер министрініӊ орынбасары Е.Бисенқұлов, Энергетика вице-министрі М.Мырзағалиев, Инвестициялар және даму вице-министрі Қ.Өскенбаев, Денсаулық сақтау министрініӊ орынбасары О.Ибішев, Мәдениет және спорт министрініӊ орынбасары Е.Қожағапанов, Қаржы вице-министрі Қ.Баеділов, Мемл-екеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасыныӊ орынбасары А.Шаймова, Президенті Икімшілігініӊ мемлекеттік инспекторы М.Имандосов қатысты.

Елбасы Жарлығына сай облыс орталығын Түркістанға көшіру жұмыстарын жоспарға сай жүзеге асыру үшін арнайы штаб құрылғанын айтқан облыс әкімі Ж.Түймебаев аталған тапсырмаларды сәтті орындау үшін Үкімет деӊгейінде шешуді қажет ететін бірқатар мәселелерге тоқталып өтті.

"Түркістан қаласын ауыз сумен, газбен, жылумен, электр қуатымен қамту, сонымен қатар кәріз жүйесініӊ құрылысы жобалары мен Түркістан және Кентау қалаларында көпқабатты тұрғын үйлердіӊ құрылысын салу, инфрақұрылымын дамытуға және туризм индустриясына басымдық берілу қажет. Рухани қалаға зиярат ету үшін жылына 1 миллионнан астам адам келеді. Оныӊ ішінде 160 мыӊдайы шетелдіктер. Осы орайда, облыстыӊ туристік потенциалын толық іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында, Түркістан қаласында халықаралық әуежай мен Түркістан-Шымкент, Түркістан-Ташкент жүрдек поездын ашу да маӊызды. Жақын шетелдермен туристік байланысты нығайту үшін халықаралық автовокзал құрылысын қарастыруды да жөн деп санаймыз. Сонымен қатар 8-10 айда негізгі әкімдік ғимараттарын аяқтап, оған дейін мемлекеттік қызметкерлердіӊ баспана жалдау жайын мемлекет есебінен шешу мәселесін ұсынамын. Қысқа мерзімде көпқабатты тұрғын үйлерді салуға еліміздегі еӊ ірі құрылыс компаниялары қызығушылық танытып отыр. Бүгінде көшіру шығындары мен қажетті ғимараттар мен баспана және өзге де мәселелер толығымен есептеліп отыр. Инфрақұрылымдық және транспорттық-логистикалық жүйелер зерттелді. Түркістан еліміздіӊ батыс өӊірлерін көкөніспен, азық-түлікпен қамтамасыз ететін орталыққа айналған. Енді бұл тиімді бағытта жаӊа деӊгейде дамытуды қолға алуды қарастырамыз. Себебі Түркістанда ауыл шаруашылығын дамытуға климаттық жағдай өте ыӊғайлы. Елімізді, әсіресе батыс аймақтардыӊ көкөніске деген сұранысын қамтамасыз ету үшін жұмыстар барынша күшейтілетін болады. Түркістан облысыныӊ жаӊадан құрылуына байланысты осындай ерекшеліктерді қамтый отырып, өӊірдіӊ әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін қайта қарастыруымыз қажет",-деді Ж.Түймебаев.

Көне шаһар Түркістанныӊ облыс орталығы мәртебесін алуы үлкен жауапкершілік пен міндетті жүктеп отырғанын айтқан қала әкімі И.Өсербаев қаланыӊ даму динамикасы мен логистикалық мүмкіндігін арттыру және инфрақұрылымын жетілдіру қажеттілігі туындап отырғанын жеткізді.

"Бүгінде қала тұрғындарыныӊ 94 пайызы орталықтандырылған таза ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген. Алайда облыс орталығы болуына байланысты, қала халқыныӊ саны 250 мыӊға дейін өскен жағдайда қажетті су көлемі тәулігіне 50 мыӊ текше метрді құрайды. Келешекте қаланы толыққанды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жаӊа су қоймалары салыну қажет. Бүгінгі таӊда қала халқыныӊ 26,4 пайызы көгілдір отынмен қамтылған болса, тиісті қаржы бөлінген жағдайда 2019 жылдыӊ соӊында тұрғындарды толығымен газбен қамтылады. Ал қаламыздағы жалпы ұзындығы 23 шақырымды құрайтын басты көшелерінде кептелістер орын алуы мүмкін. Сондықтан да алдағы уақытта көшелердіӊ енін 12-18 метрге дейін кеӊейту қажеттігі туындауда. Бұдан бөлек, республикалық маӊызы бар "Батыс Европа-Батыс Қытай" дәлізі қаланыӊ ортасынан өткендіктен қала тұрғындары мен қонақтарыныӊ жолда жүру қауіпсіздігін қамтасыз етуге кері әсерін тигізуде. Осы ретте, қала ішінде орналасқан 18 шақырым республикалық маӊызы бар жолды қала сыртына көшіру қажет",-деді И.Өсербаев.

Отырыста сөз алған ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қ.Өскенбаев Түркістан қаласын дамыту бойынша жасалынатын жаӊа бас жоспарды 2 кезеӊ бойынша жүзеге асыруды ұсынды.

"Біріншісі түркі әлемініӊ мәдени рухани орталығы және Түркістан облысыныӊ орталығы ретінде Түркістан қаласыныӊ бас жоспары тұжырымдамасын үздік нұсқасына халықаралық конкурс ұйымдастырылатынын болады. Сондай-ақ, Астана қаласыныӊ салу тәжірибесін ескере отырып, қаланыӊ тұжырымдамасын техникалық тапсырмасы мен бас жоспарын әзірлеу үшін Астана бас жоспарын тартуды немесе Түркістан қаласында филиалын құруды ұсынамын. Екінші кезеӊде қабылданған 2050 жылға дейінгі тұжырымдаманы ескере отырып қаланы дамытудыӊ егжей-тегжейлі ұсыныстары қамтылған бас жоспарды әзірлеуге кірісу. Бас жоспарды сәтті әзірлеу үшін облыс орталығы ретінде Түркістан қаласын дамытудыӊ жол картасын әзірленген жобасына сәйкес барлық мүдделі мемлекеттік органдардыӊ белсенді қатысуы қажет",-деді Қ.Өскенбаев.

Түркістан қаласыныӊ дамуы бойынша кешенді шаралар қабылдау міндеті тұрғанын айтқан ҚР ұлттық экономика вице-министрі А.Жұмағұлов жалпы экономикалық көрсеткіштер бойынша облысты қайта қарау керек екеніне тоқталды.

Оныӊ айтуынша, жан басына шаққандағы жалпы өӊірлік өнім бойынша бүгінгі күндегі көрсеткіш 1 млн теӊгеніӊ төӊірегінде екен. Бұл көрсеткіш Республика бойынша еӊ төменгі көрсеткіш деп айтсақ болады. Сол себепті жалпы экономика бойынша кешенді жұмыстар қарқынды жүру керек екені көрсетіліп отыр деді.

Жиынды қорытындылаған ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин жоғарыда баяндамашылардыӊ көтерген мәселелері назарға алынатынын айтып, Елбасы тапсырмасын тиісті деӊгейде орындау үшін бар күш-жігерді салуды тапсырды. Сонымен қоса тиісті жоспар жасап, ұсыныс енгізуді сала жетекшілеріне жүктеді.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны