31.01.2014, 18:50 6355

ТЖМ: 2014 жылы Ақтөбе облысы қар үйінділері бойынша бірінші орында тұр

"Қар басу жағынан биылғы қыста Ақтөбе облысы бірінші орында тұр. Көліктер қар құрсауынан шыға алмай, негізгі жұмыстар Самара-Шымкент, Ақтөбе-Ор, Ақтөбе-Астрахан тас жолдарының Хромтау қаласынан бастап Қостанай облысының шекарасына дейінгі учаскілерде жүргізілді", - дейді В.Божко.

Алматы. 31 қаңтар. Kazakhstan today. Ақтөбе облысы - қар басу жағынан 2014 жылы бірінші орында тұр. Бұл жайлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі "Мемлекет басшысының Қазақстан халқына "Қазақстандық жол-2050": Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауындағы 2014 жыл тапсырмалары туралы" брифингінде төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлімдеді.

"Қар басу жағынан биылғы қыста Ақтөбе облысы бірінші орында тұр. Көліктер қар құрсауынан шыға алмай, негізгі жұмыстар Самара-Шымкент, Ақтөбе-Ор, Ақтөбе-Астрахан тас жолдарының Хромтау қаласынан бастап Қостанай облысының шекарасына дейінгі учаскілерде жүргізілді", - дейді В.Божко.

Осыған орай, облыстың ТЖД-де шараларды басқару мен қауіптің алдын алу үшін жедел штаб құрылған.

Жыл басынан бері бұл өңірде 2 мыңдай адам мен 850 техника құтқарылған.

Сонымен қатар, министр Алматы облысының Үшарал-Достық жолын да атап өтті. Бұл жер де қыста жолаушылардың қатынауына қиындық тудырған. Биыл бұл жерден де 146 адам құтқарылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны