07.02.2014, 18:35 3400

ТЖМ кәсіпкерлер үшін қауіпсіздік ережесін бекітетін 26 нормативтік-құқықтық акт дайындады

"Егер өткен жылы болымсыз қауіпсіздік деңгейі нысандарына тексерістерді 4 есеге дейін төмендетсек, биыл біз оларды мүлдем алып тастадық", - дейді комитет төрағасының орынбасары.

Алматы. 7 ақпан. Kazakhstan today. Төтенше жағдайлар министрлігі кәсіпкерлер үшін қауіпсіздік ережесін бекітетін 26 нормативтік-құқықтық акт дайындады, дейді Төтенше жағдайларды бақылау және өндірістік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Дәулет Бапы Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.

"Біз кәсіпкерлер үшін қауіпсіздік ережесінің бір бөлігінің нормативтік құқықтарын қарап жатырмыз. Қазір біздің қолымызда Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен нақтылайтын 26 нормативтік-құқықтық акт бар", - дейді Д.Бапы.

Оның айтуынша, соңғы кездері кәсіпкерлікті тексеріс жұмыстары қысқарған.

"Егер өткен жылы болымсыз қауіпсіздік деңгейі нысандарына тексерістерді 4 есеге дейін төмендетсек, биыл біз оларды мүлдем алып тастадық", - дейді комитет төрағасының орынбасары.

ТЖМ өкілінің айтуынша, аталмыш шаралар бір жағынан кәсіпкерлерді қолдауға бағытталып, екінші жағынан олардың қауіпсіздік шараларына жауапкершіліктерін арттырмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны