30.06.2014, 22:25 6384

ТЖМ өрт қауіпсіздігі офицерлерімен толықты

Төтенше жағдайлардан қорғау саласында мамандарды дайындау бойынша елімізде жалғыз ғана жоғары оқу орны болып табылатын Көкшетау техникалық институтында өрт қауіпсіздігі офицерлерінің кезекті шығарылымына арналған мерекелік іс-шара өтті.

Алматы. 30 маусым. Kazakhstan today. Төтенше жағдайлардан қорғау саласында мамандарды дайындау бойынша елімізде жалғыз ғана жоғары оқу орны болып табылатын Көкшетау техникалық институтында өрт қауіпсіздігі офицерлерінің кезекті шығарылымына арналған мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин, Министрліктің аймақты органдары мен орталық аппарат құрылым бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, Көкшетау қаласы оқу орындарының ректорлары қатысты.

Көкшетау техникалық институтының түлектеріне сәтті кәсіби қызметтеріне ақ жол ашылғандығын атап кеткен жөн. Былтырғы жылы күндізгі оқу бөлімі курсанттарының 15-шығарылымы болды, яғни 136 түлек бітірді. Барлық түлектер штаттық кестеге сай еліміздің өңірлерінде орналасқан Төтенше жағдайлар департаменттеріне жіберіліп, қарауыл бастықтары, арнайы өрт бөлімдерінің инженерлері, аға инженерлер, арнайы жасақ бастығының көмекшілері лауазымдарына тағайындалады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны