16.06.2014, 19:45 3219

ҰБТ нәтижесі қала мен ауыл арасында 10 балл айырмашылық сақталғанын көрсетті - А.Сәрінжіпов

Бірінші орында Алматы облысының түлектері (92,6 балл, өткен жылы бұл көрсеткіш 86,7 баллды құраған). Екінші орында Астана 87,5 балл,үшінші орында Ақтөбе облысы. Одан кейін Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстары", - дейді Аслан Сәрінжіпов.

Алматы. 16 маусым. Kazakhstan today. Бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижесіндегі қала мен ауыл арасындағы 10 балл айырмашылық сақталып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің "ҰБТ-2014 қорытындысы" брифингінде ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді.

"Облыстарды жеке-жеке қарайтын болсақ, барлық өңірдің де нәтижесінің жақсарғанын көріп отырмыз. Бірінші орында Алматы облысының түлектері (92,6 балл, өткен жылы бұл көрсеткіш 86,7 баллды құраған). Екінші орында Астана 87,5 балл,үшінші орында Ақтөбе облысы. Одан кейін Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстары", - дейді Аслан Сәрінжіпов.

Оның айтуынша, ҰБТ бойынша орташа балл қала мен ауылда қатар өскен. Алайда екеуінің арасындағы 10 балл айырмашылық биыл да сақталып отыр.

"Өткен жылы қалалық жердегі орташа балл 79 болса, биыл 81,5 балл, ал ауылдық жерлердегі биылғы орташа балл 72,19 баллға жетті, былтыр бұл көрсеткіш 70,3 көлемінде еді", - дейді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны