04.06.2014, 23:39 4121

ҰБТ-ның 2 күнінің орташа балы - 75,7

Екінші күннің қорытындысы бойынша, ең жоғары 125 баллды Алматы қаласындағы №159 лицейдің түлегі Марат Исия Жандосқызы жинаған. 2 012 түлек (11,6%) 100-ден астам балл жинаған. 2013 жылы мұндай нәтижеге 1 837 (8,4%) түлек қол жеткізген болатын.

Алматы. 4 маусым. Kazakhstan today. Ағымдағы жылдың 3 маусымда тест тапсыруға 17 351 түлек қатысты.

Тест 60 пункт базасында тапсырылды.Тәртіп бұзғаны үшін 3 талапкер аудиториядан шығарылды.Тест тапсырушылардан 2 307 ұялы телефон, 2 641 шпаргалка, 83 калькулятор, 13 фотоаппарат, 4 рация, 2 блютуз,1 қол сканері, 1 кеңсе пышағы табылған.

Екінші күннің қорытындысы бойынша, ең жоғары 125 баллды Алматы қаласындағы №159 лицейдің түлегі Марат Исия Жандосқызы жинаған. 2 012 түлек (11,6%) 100-ден астам балл жинаған. 2013 жылы мұндай нәтижеге 1 837 (8,4%) түлек қол жеткізген болатын.

Екінші күнгі ҰБТ балы орта есеппен алғанда 75,7-ні құраған (2013 жылы - 73,9 балл).

Ең төменгі көрсеткіш 50 баллды 3 883 (22,4%) түлек жинай алмаған. 2013 жылы бұл көрсеткіш 6 895 (31,7%) болған.ҰБТ жоғары ұйымдастырылған деңгейде өтті, еп ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны