14.06.2012, 14:05 2555

"Иділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі іске қосылады

Қазақстан Республикасының Иділет министрлігі және Республикалық құқықтық ақпарат орталығы Қазақстанның ұлттық заңнамасымен он-лайн режимде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, жаңа, қоғамдық маңызы зор жоба - "Иділет" ақпараттық-құқықтық жүйесін іске қоспақшы.

Астана. 14-маусым. Kazakhstan Today - "Иділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Республикасының Иділет министрлігі және Республикалық құқықтық ақпарат орталығы Қазақстанның ұлттық заңнамасымен он-лайн режимде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, жаңа, қоғамдық маңызы зор жоба - "Иділет" ақпараттық-құқықтық жүйесін іске қоспақшы.

Аталған министрліктің мәліметіне қарағанда, "Иділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі - іздестіру мүмкіндіктері мен ыңғайлы заманауи интерфейсі бар технологиялық кешен. Шапшаң және логикалық навигация әртүрлі дайындық деңгейіндегі пайдаланушылар үшін онда жұмыс істеудің қолайлылығын қамтамасыз етеді. Пайдаланушы алуан түрлі іздестіру мүмкіндіктерін қолдана отырып, нормативтік жинақта жалпы, сонымен бірге оның жеке бөлімдерінде бағдарлана алады, сондай-ақ өздігінен тақырыптық іріктелім қалыптастыра алады.

Деректер базасында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 116 мыңнан астам нормативтік құқықтық акті қамтылған.

Жүйе ақпараттық жинақта күн сайын жаңарта отырып, тәулік бойы жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Изірленген "Иділет" АҚЖ-сі азаматтардың толық, өзекті, жүйелендірілген әрі тегін құқықтық ақпаратты алуы үшін ыңғайлы жағдайды қамтамасыз етеді. "Иділет" АҚЖ-ны www.minjust.kz сайты арқылы пайдалануға болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны