12.12.2006, 16:59 2557

Иділет министрі концессиялар туралы заңды тікелей әсер ететін заң деп қабылдау ерте деп есептейді

АСТАНА. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today. Иділет министрі Зағипа Балиева Қазақстанда таяуда қабылданған "Концессиялар туралы" заңнан тікелей әсер ететін заң жасау ерте деп есептейді.

"Концессия институт ретінде біздің ел үшін жаңа, сынақтан өткен жоқ, мүмкін біз осы заңмен жобасымен жұмыс істеу бағытын оны заңға бағынышты базамен қамтамасыз ету арқылы дұрыс жолды таңдаған шығармыз. Егер назардан тыс қалдырған жағдай болса, немесе қателік жіберген болсақ, онда заңға емес заңға бағынышты актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мүмкіндігіміз бар", деді үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалдарына жауап берген әділет министрі Зағипа Балиева.

Министрдің пікірінше, концессиялар туралы заң "екі -үш жыл жұмыс істегеннен кейін" тікелей әсер ететін заңға айнала алады.

З. Балиеваның сөзіне қарағанда, әділет министрлігі заңға бағынышты актілер базасын қажет етпейтін тікелей әрекет ететін заңдардың көптеп енгізілуіне қарсы емес. "Біз қазіргі кезде республикадағы құқықтық реттеудің императивті әдісінің орнына диспозитивті әдісті ұсынғымыз келеді, яғни бұл жағдайда заңда тыйым салынбаған нәрсенің бәріне рұқсат беріледі. Бірақ бұл мәселені мемлекеттік органдар, парламент, қоғам талқылауы тиіс",-деді З.Бәлиева. Оның пікірінше, бұл әдісті қолданған кезде "заңды жазу да оңай, оны орындау да оңай болады".

Айта кетейік, бүгін үкімет отырысында премьер министр Даниал Ахметов "Концессиялар туралы" заң тікелей әсер ететін заң болсын деген нұсқау берді. "Осы тектес заң жобалар көптеген дамыған елдерде тікелей әсер етеді, нақты тәртіпті анықтап, ешқандай сауал туғызбайды. Біз заң жобасын жүзеге асыру үшін алты үкімет қаулысын әзірлеп, басқа да үш акті дайындауымыз қажет. Заң жобасын тікелей әсер ететінт заң болатындай және ешқандай сауал туғызбайтындай етіп жасауымыз керек, бұл жөнінде тиісті нұсқау бар",-деді Даниал Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны