08.05.2007, 16:46 2590

Иділет министрлігі үкіметке тұтқындауға соттан санкция беруді қарастыратын заң жобасын енгізді

АСТАНА. 8 - мамыр. Kazakhstan Today. Иділет министрлігі үкіметке тұтқындауға соттан санкция беруді қарастыратын заң жобасын жолдады. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында әділет министрі Зағипа Балиева мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Заң жобасы үкіметке жолданды",- деді З. Балиева премьер-министрдің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ол заң жобасын әзірлеуге қызығушылық танытқан барлық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, Жоғарғы соттың қатысқандығын, құжаттың сондай-ақ ведомствоаралық комиссияның отырысында қарастырылғандығын атап өтті.

Премьер-министр Кәрім Мәсімов осы ретте, мемлекет басшысының аталмыш заң жобасын үстіміздегі жылдың 10-мамырына дейін әзірлеп және парламентке енгізуді тапсырғандығы туралы атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны