05.07.2013, 13:39 3379

ҮИИДМБ шеңберіндегі 537 жобаның 19-ы пайдалануға берілмеген

ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 537 кәсіпорынның 19-ы пайдалануға берілмеген, бұл жобалардың жалпы санының 3% құрайды, деп хабарлады Премьер-Министрдің орынбасары - ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев ҮИИДМБ жүзеге асырудың аралық қортындысына арналған пленарлық отырыста.

Астана. 5-шілде. Kazakhstan Today - ҮИИДМБ шеңберіндегі 537 жобаның 19-ы пайдалануға берілмеген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 537 кәсіпорынның 19-ы пайдалануға берілмеген, бұл жобалардың жалпы санының 3% құрайды, деп хабарлады Премьер-Министрдің орынбасары - ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев ҮИИДМБ жүзеге асырудың аралық қортындысына арналған пленарлық отырыста.

"Барлығы 537 кәсіпорын пайдалануға берілген, оның 19 проблемалық, бұл 3%-дан сәл артық. Мұны біз қалыпты жағдай деп санаймыз", - деді И. Исекешев.

Ол 19 жобаның бюджеттік емес, жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылғанын басып айтты. Олардың кейбіреулеріне даму институттары қолдау көрсеткен, сондықтан әр жоба бойынша облыс әкімімен, министрлікпен және даму институтымен жоспар құрылып, мәселені шешу жұмыстары жүргізілуде.

"Айта кету керек, бұл 19 жоба бойынша бюджеттік қаржы жоқ, бұл жеке инвестициялардың ақшасы. Жоспарға сәйкес бұл 19-дың 8-і биыл іске қосылады", - деп толықтырды ол.

Мысал ретінде ҚР ИЖТМ басшысы атап өткендей, "Азия Керамик" жобасы бойынша Даму банкі негізгі несиегер ретінде сотта жеңіп, "Бәйтерек" шеңберінде инвесторлар іздестіру жұмысын бастады. Инвесторлар бар, олар бірқатар итальяндық компаниялар.

Мемлекеттік ресурстар қатыстырылған жобаларға келсек, вице-премьердің айтуынша мүдделі органдармен жұмыс жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны