15.03.2011, 13:08 3761

Үй қызметшісін 2 млн теңге жымқырды деп айыптаған Ресей азаматы жоғалған ақшасын басқа жерден тауып алған

Үй қызметшісін 2 млн теңге жымқырды деп айыптаған Ресей азаматы жоғалған ақшасын басқа жерден тауып алған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды. 15 - наурыз. Kazakhstan Today - Үй қызметшісін 2 млн теңге жымқырды деп айыптаған Ресей азаматы жоғалған ақшасын басқа жерден тауып алған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қарағандыда Ресей азаматы өзінің үй қызметшісін 2 млн. теңгеге жуық ақшасын ұрлап кетті деп бекер айыптаған болып шықты. Бұл туралы бүгін Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім еткен.

"Полицияға хабарланғаннан кейін ер азамат ақшаларын өз пәтерінің басқа түкпірінен тауып алды. Оның арызы енді кейін қайтып алынатын шығар", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі Қарағандыда полицейлер Ресей азаматынан 2 млн. теңгеге жуық қаржыны жымқырды деген күдікпен үй қызметшісі болып жұмыс істеген 52 жастағы азаматшаны құрықталғанны хабарлаған болатын.

"Қарағанды қалалық ІІБ Орталық полиция бөліміне 13 наурыз күні сағат 16.00 кезінде Ресей Федерациясының 42 жасар азаматы арызданып келді. Ол өз арызында 52 жастағы үй қызметшісінің оның үйінен 1 840 000 теңге мен 500 АҚШ доларын ұрлап кеткенін хабарлады. Келтірілген шығын 1 912 500 теңгені құрады", - делінген болатын облыстық ІІД баспасөз хабарламасында.

Осыдан кейін күдікті азаматша құрықталып, одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны