24.02.2012, 10:51 2877

Ийелін өлтіріп, қызын базарға далаға тастап кеткен күдіктіге қатысты сот басталды

Оралда әйелін буындырып өлтіріп, туған қызын базарға қалдырып кеткен адамға қатысты сот басталды. Арыстан Садуақасовтың кінәсі дәлелденсе16 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Астана. 24-ақпан. Kazakhstan Today - Ийелін өлтіріп, қызын базарға далаға тастап кеткен күдіктіге қатысты сот басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оралда әйелін буындырып өлтіріп, туған қызын базарға қалдырып кеткен адамға қатысты сот басталды. Арыстан Садуақасовтың кінәсі дәлелденсе16 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Оқиға былтыр қазан айында орын алған. Оралдағы орталық базардың бірінде екі жасар бүлдіршін табылып, оның ата-анасына іздеу жарияланған болатын. Теледидардан бұл хабарды көрген көршісі полицияға хабарласып, тастанды қыздың тұрғылықты жері мен туыстары жайында ақпарат берген. Оқиға орнына келіп жеткен полициейлер жағаларын ұстады. Қызының анасы әрі азаматтық некедегі әйелін қаскөй буындырып өлтіріп, жертөлеге мәйітін жасырып қойыпты. Ал қызын көзін жәудіретіп базарға қалдырып, өзі Солтүстік Қазақстанға қарай қашып кеткен. Екі аптадан кейін тұтқындалған Арыстан Садуақасов мұндай қылмысқа баруына жары екеуі арасындағы жанжал себеп болғанын айтты. Азаматтық некедегі әйелі оның басқа жанмен отау құрмақ болғанын естігенде байбалам салған көрінеді. Осы сәтте оны қылқындырып өлтірген.

Алайда сот барысында Садуақасов кінәсін мойындамай қойды. Ал кішкентай Сәмираны марқұм анасының құрбысы асырап алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны