12.12.2006, 16:32 2887

Үкімет 2007 жылдың аяғына қарай отандық бизнестердің ірі қазақстандық жобаларға қатысуына жағдай жасауға ниетті

АСТАНА. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстан Үкіметі 2007 жылдың аяғына қарай қазақстандық бизнесті республика аумағындағы ірі жобаларға қатысуға тарту үшін жағдай жасауға ниет білдіріп отыр деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз 2007-2008 жылдар шебінде біздің бизнесімізді мемлекет басшысының индустриалдық-инновациялық стратегиясын жүзеге асыруда айрықша маңызға ие ірі инфрақұрылымдық және басқа да жобаларғы тартуға қажетті мүмкіндіктерді жасауымыз қажет",- деп хабарлады үкімет отырысында сөз алған еліміздің премьер-министрі Даниал Ахметов.

Осы орайда концессиялық тәжірибе туралы сөз қозғаған үкімет басшысы оның "мемлекетті дамыту идеологиясына кеңіенн қолданыс табатынын"атап өтті. Ол таяу жылдарда концессияға ұсынылатын нысандар тізімі бекітіліп қойғандығын ескертті. "Бұл нысандар экономикалық тұрғыдан айтарлықтай қызығушылық танытып отырған және де авто және темір жол саласы, сондай-ақ біздің еліміздің даму саласы сияқты еліміз үшін қажетті инфрақұрылымдық жобалар болып табылмақ", - деп нақтылады Д.Ахметов.

Сонымен қатар, премьер-министр "Концессия туралы" заңды жүзеге асыруды Қазақстандағы су энергетикасының дамуымен байланыстырады. "Жуық арада энергетика министрлігі қажетті құжаттарды енгізіп, су энергетикасының жеті нысанасының дәл осы идеялогия шеңберінде жүзеге асуына қажетті жағдайларды жасайды, бұл ел тұрғындарының қаржысын кеңінен тартуға мүмкіндік тудырады және жалпы алғанда бизнес саласының ресурстарын осы салаға тартуға жол ашады", деді үкімет басшысы.

Д.Ахметовтың пікірінше, отандық бизнестің өз қаражатын шет елдерге салуға талпынатындығы үкіметтің жіберген бір кемшілігі болып табылмақ. "Капиталдың шетелдерге кетуі біздің еліміздің дамуының айтарлықтай өзкеті мәселесі екендігін атап өткен жөн. Бір жағынан біздің бизнесімендеріміздің агрессивтік саясаты капитал интервенцичсы тұрғысынан алғанда дұрыс және қажетті құбылыс, ал екінші жағынан еліміз инвестицияға мұқтаж болып отырған қазіргі жағдайда капиталдың сыртқа ағылуы үкімет жұмысының сапасын көрсете алмайды",- деді үкімет басшысы.

Д.Ахметовтың пікірінше үкімет отандық бизнестің "өздерінің қаржылық мүмкіндіктерін, өздерінің интеллектуалдық қабілеттін" ең алдымен Қазақстанның дамуына қосуларына қажетті жағдайлар жасау керек. "Бұл өте маңызды, сондықтан да салалық министрліктер концессия тәжірибесі немесе отандық бизнес үшін инфрақұрылымды дамытудың басқа да бағыттары бойынша өз ұсыныстарын енгізуге тиіс. Біздің бизнесмендеріміздің мейлі Ресейге , мейлі Грузияға, немесе, басқа да мемлекеттерге салып жатқан миллиардтаған салымдары айтарлықтай жағымсыз фактор болып табылады және де отандық бизнес өз елінде түсінушілік таба алмағандығының тағы бір дәлелі болмақ",- деп атап көрсетті Д.Ахметов.

Осыған байланысты премьер концессия туралы заңды жетілдіруді тапсырды. "Оны тікелей әсер ететін заң түрінде және менің тапсырмама сәйкес қосымша сұрақтар туындамайтындай заң түрінде жетілдіру қажет",- деді Д.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны