29.12.2009, 12:19 2968

Үкімет 2010 жылы мемлекеттің банк жүйесінен шығу схемасын дәйектеуге тиіс

Үкімет 2010 жылы мемлекеттің банк жүйесінен шығу схемасын дәйектеуге тиіс

Астана. 29 желтоқсан. Kazakhstan Today - Үкімет 2010 жылы мемлекеттің банк жүйесінен шығу схемасын дәйектемек ниетте. Бұл туралы үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін үкіметте журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Банк жүйесі 2010 жылы принциптік шешім қабылдауы қажет: мемлекет қандай жолмен қазіргі бар банктердің капиталынан шығатыны анықталуы керек. Сөйтіп біз мемлекет бұл жүйеден қалай шығатыны туралы айқын жауап беруіміз қажет. Бұл 2010 жылғы жыл сауалы", - деді Кәрім Мәсімов.

Ол сонымен бірге мемлекеттің банк капиталына "уақытша шара болғанын" атап өтті. "Біз банктерді мемлекеттің қарамағына алған жоқпыз және біз тек тұрақтандыру кезеңіне ғана келдік",- деді.

Премьер-министрдің айтуынша, қабылданған шаралар оң нәтижелі болды, сондай-ақ, "айтарлықтай орындалды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны