25.12.2012, 12:56 3166

Үкімет ағымдағы жылы Парламент Мәжілісінің қарауына 27 заң жобасын енгізді

"ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылғы жоспарына сәйкес Парламент Мәжілісінің қарауына 34 заң жобасын енгізу жоспарлануда. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 7 заң жобасын енгізу керек", - деді Берік Имашев.

Астана. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанындағы жағдай бойынша, Парламент Мәжілісіне 27 заң жобасы енгізілді, оның бесеуіне бүгінгі таңда Елбасы қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы әділет министрі Берік Имашев бүгінгі Үкімет отырысында мәлім етті.

"ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылғы жоспарына сәйкес Парламент Мәжілісінің қарауына 34 заң жобасын енгізу жоспарлануда. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 7 заң жобасын енгізу керек", - деді Берік Имашев.

Айта кету керек, жоспарланған 34 заң жобасының ішінен екі заң жобасы - жалпыға ортақ декларациялау мәселелері жөніндегі және электрондық сауда мәселелері жөніндегі заң жобалары алып тасталып, олардың орнына жер қатынастарын реттеу мәселелері жөніндегі және оңалту және банкроттық туралы заң жобалары жоспарға енгізілген.

Оған қоса, ағымдағы жылы мемлекеттік органдар Елбасының тапсырмаларын, Жолдау жүктеген міндеттерді, Президент Икімшілігі басшылығының, Үкіметтің тапсырмаларын іске асыруға бағытталған жоспардан тыс 14 заң жобасын әзірлеп отыр.

Атап айқанда, 2050 жылға дейінгі жаңа Стратегияны жүзеге асыру тұрғысындағы Жалпыұлттық жоспардың аясында 7 заң жобасын әзірлеу қарастырылуда.

Қазіргі таңда осы 7 заң жобасының екеуіне Елбасы қол қойды, 3 заң жобасы - Парламентте қаралып жатыр, біреуі - келісілуде.

Ал Елбасының "Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам" мақаласын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының аясында 4 заң жобасы әзірленуде, қазіргі таңда олардың барлығы мемлекеттік органдармен келісілу амалынан өтуде.

Жалпы алғанда, мемлекеттік органдар әзірлеп жатқан жоспардан тыс заң жобаларының үлесі жоғары деңгейде - 41 %.

Оған қоса, ағымдағы жылы Парламент депутаттары 11 заң жобасына бастамашылық жасады, олардың екеуіне бүгінгі таңда Елбасы қол қойды, біреуі - қол қоюға жіберілді, тағы 2 заң жобасы - Мәжілістің қарауында жатыр, Үкіметтің теріс қорытындысына сәйкес 3 заң жобасы бойынша жұмыстар тоқтатылды, 1 заң жобасы бойынша Республикалық бюджеттік комиссияның қорытындысы керек.

"Адамның және азаматтың құқығы мен еркіндігінің әділ билігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыру мемлекеттік аппараттың ортақ міндеті болып табылады", деп түйіндеді өз сөзін Иділет министрлігінің басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны