21.05.2007, 13:43 3246

Үкімет бәсекелестікті қорғау саласында салалық реттеушілер міндетін атқарушы алқалық органдар құрмақшы

АСТАНА. 21-мамыр. Kazakhstan Today. Үкімет бәсекелестікті қорғау саласында салалық реттеушілер міндетін атқарушы алқалық органдар құрмақшы. Бұл туралы бүгін әкімшілік реформаларға арналған парламенттік тыңдауда республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылы телекоммуникация мен байланыс саласында салалық реттеуіш, сондай-ақ бәсекелестікті дамыту саласында тәуелсіз реттеуіш құрылатын болады",- деді үкімет басшысы.

"Мемлекеттік органдар әзірге бәсекелестікті шектеу деректерімен тиімді күресуге және кәсіпкерлерді әділетсіз бәсекелестіктен қорғауға қабілетсіз",- деді үкімет басшысы.

Осыған байланысты оның айтуынша, "реттеумен шұғылданатын төрт орган құру көзделуде. Олар алқалық басқару шешімдерін қабылдайды". Мәселен, республикалық деңгейде бәсекелестікті қорғауға байланысты бәсекелестікті қорғау комитетінің функцияларын ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігіне беру ұсынылуда. "Ал Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі телекоммуникациялар саласындағы реттеуші болады, яғни, телекоммуникацияларға байланысты мәселелер Табиғи монополияларды реттеу агенттігі мен Бәсекелестікті қорғау комитетінен алынып, тек Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің қолында шоғырланады",- деді К.Мәсімов.

"Бәсекелестікті қорғау комитеті тәуелсіз реттеуші болады. Ол жергілікті жерлердегі бәсекелестікті қорғау ісімен шұғылданады",- деді үкімет басшысы.

"Басқа мәселелердің бәрі Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде шоғырланады. Бұл да алқалық орган болады",- деді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны