04.05.2009, 19:07 2824

Үкімет басшысы Ақтау теңіз портын дамыту жоспарын түзетуді тапсырды

Үкімет басшысы Ақтау теңіз портын дамыту жоспарын түзетуді тапсырды

Астана. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Премьер-министр Ақтау теңіз портын дамыту жоспарын қазақстандық үлесті арттыру және мұнай-газ саласының даму болашағын, сондай-ақ, ірі өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру қажеттігін есепке ала отырып, түзетуді тапсырды. Бұл туралы Кәрім Мәсімов бүгін Ақтау теңіз портын дамыту мәселелеріне арналған кеңесте тапсырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңеске қатысушылар Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту жобасын әрі қарай іске асыру жайын талқылады.

Премьер-министр жобаны іске асырудың барысы туралы, мұнай-газ саласы мен өнеркәсіптің дамуына байланысты болашақтағы жүк тасымалының артуы туралы хабарламаларды тыңдады.

Кеңес барысында "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ-ның портты дамыту жөніндегі жобаларға қатысуы туралы мәселе де талқыланды, делінген үкіметтің хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны