20.10.2009, 17:58 2978

Үкімет басшысы Алматы, Шығыс - Қазақстан және Қостанай облыстарының пысықталған бас жоспарларын бекіту үшін үкіметке енгізуді тапсырды

Үкімет басшысы Алматы, Шығыс - Қазақстан және Қостанай облыстарының пысықталған бас жоспарларын бекіту үшін үкіметке енгізуді тапсырды

Астана. 20 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов аймақтық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңеске қатысушылардың назарына Алматы, Шығыс - Қазақстан және Қостанай облыстарының бас жоспарларының таныстырылымдары ұсынылды.

Атап айтқанда, Алматыға серік қалалардың (G4 City жобасы), сондай - ақ, Өскемен және Қостанай қалаларының бас жоспарларының жобалары қаралды.

Премьер - министр ұсынылған жобаларды мақұлдап, облыстардың басшылығына пысықталған бас жоспарларды бекіту үшін үкіметке енгізуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны