03.10.2008, 15:25 1576

Үкімет басшысы "Арселлор Миттал" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті

Үкімет басшысы "Арселлор Миттал" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті

Астана. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Арселлор Миттал" компаниясының директорлар кеңесінің президенті Лакшми Митталмен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Қарағанды металлургиялық комбинатына қатысты өндірістік маңызды мәселелерді және "Арселлор Миттал" компаниясының инвестициялық жоспарын талқылады.

Премьер-министрге комбинаттың ағымдағы жағдайы туралы мәселені хабардар ету барысында Л. Миттал, "компания өз өнімдеріне сұраныстың азаюына әсер еткен жаһандық экономикалық дағдарыс салдарымен бетпе-бет келді", атап өтті.

"Біздің тұтынушыларымыз құрышты аз сатып алуда, өнім бағалары төмендеуде. Сондықтан ағымдағы жағдайда біз өндіріс қарқынын төмендету жайлы шешім қабылдадық. Қазіргі уақытта біз өнімге деген сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік беретін өндірістік жоспармен жұмыс істейміз, бұл өндірісті арттыруы тиіс",- деді Л. Миттал.

Ол Қарағанды метталлургиялық комбинаты "Арселлор Миттал" құрамындағы, толық вертикальды кіріккен өндірісі, инфрақұрылымы, көмір шахтасы бар ең мықты өндірістік компания болып табылады", деді. Л. Миттал "бұрын бекітілген жоспарларды ұстана отырып, "Арселлор Миттал" жаһандық экономикалық дағдарыс әкелген проблемаларға қарамастан, Қазақстандағы инвестициялық бағдарламаларды жалғастыру ниетінде екенін" жеткізді.

"Біз келешекте де Қазақстанға, соның ішінде Қарметкомбинатқа инвестияция салып, оның өндірістік қуатын еселей түсетін боламыз",- деп сенім білдірді метталлургиялық комбинаттың басшысы.

К. Мәсімов толықтай алғанда компанияны дамытудың перспективалық жоспарын мақұлдады. Сонымен қатар, ол "үкімет үшін бүгінгі күні компания жұмысының ағымдағы жылғы тұрақтылығы маңызды" деп айрықша атап көрсетті.

"Біз үшін ең басты мәселе - Қарметкомбинаттың жұмысшылары. Сыртқы факторлардың әсер етуіне қарамастан, жұмысшылар әлеуметтік тұрғыдан қорғалуы тиіс. Компания менеджменті қысқа мерзімді демалыс созылып кетпес үшін тиісті жұмыстар атқаруға бағытталуы керек",- деді премьер-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны