15.01.2013, 15:46 2881

Үкімет басшысы ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру жөніндегі ұлттық жоспардың нақты орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды

Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев Министрлер кабинетінің қарауына ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық жоспар туралы және "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын құру туралы қаулылардың жобаларын таныстырды. Бұл құжаттар С.Ахметов төрағалық ететін Мемлекеттік комиссияның отырысында қаралып, мақұлданған болатын.

Астана. қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін Премьер-Министр Серік Ахметов ҚР Үкіметінің отырысын өткізді. Онда Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық мәселесі қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев Министрлер кабинетінің қарауына ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық жоспар туралы және "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын құру туралы қаулылардың жобаларын таныстырды. Бұл құжаттар С.Ахметов төрағалық ететін Мемлекеттік комиссияның отырысында қаралып, мақұлданған болатын.

"Ұлттық жоспар 10 тараудан және 78 іс-шарадан тұрады, іс-шараларға 12 мемлекеттік орган, барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерін "Самұрық-Қазына" компаниясы тартылып отыр. Сонымен қатар, көрменің Тіркеу құжаты 2013 жылдың қазан айында Халықаралық көрмелер бюросының Атқарушы комитетінде бекітілгеннен кейін, Ұлттық жоспар 2014-2018 жылдарға арнап түзетілетін болады", - деп хабарлады Е.Досаев.

Министрдің айтуынша, құрылып отырған Ұлттық компанияның басты міндеті Тіркеу құжатының мазмұнды бөлігін іске асыру, ЭКСПО-2017 жобасының аумағында инфрақұрылымдар мен нысандар жобалау және оларды салу болады.

С.Ахметов өз кезегінде, "Елбасы Көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұзақмерзімдік ұлттық жоспарды іске асыруға қатысты алдымызға міндеттер қойды. Ол құжат нақты орындалуы керек. Көрменің табысты ұйымдастырылуы осыған байланысты болмақ", - деп атап көрсетті.

"Іс-шаралардың 90% астамы 2013 жылға келеді, яғни биыл бізді көп жұмыстар күтіп тұр. Сондықтан да барлық орталық және жергілікті органдар жұмыла отырып, Ұлттық жоспарды сапалы және уақтылы іске асыру үшін маңызды шаралар қабылдаулары керек", деп тапсырды С.Ахметов.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша сәйкес қаулылар қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны